15.01.2024 – 19.01.2024 НӘТИЖЕЛЕРІ

15.01.2024 – 19.01.2024 НӘТИЖЕЛЕРІ
19.01.2024

15 қаңтарда РАА төралғасы:
- РАА Төралқа мүшелерінің қорытындылар дайындауына байланысты мәселелер бойынша РАА Төралқасының Ережесіне түзетулер бекітілді;
- Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы делегаттарының өкілеттіктерін тексеру үшін Мандаттық комиссиясын құрады;
- РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі (бұдан әрі – ҒКК) туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді мақұлдады және оларды бекітуді адвокаттар алқасының республикалық конференциясының күн тәртібіне енгізді;
- А.Р. және Қ.С. адвокаттарға қатысты Түркістан облыстық адвокаттар алқасының адвокаттық этика жөніндегі комиссиясының қабылданған шешімі бойынша осы Комиссия шешімінің күшін жоюға негіздердің болмауына байланысты Н.М.-ның шағымын қанағаттандырудан бас тартты;
- И.Т.-ның шағымы бойынша адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясына (бұдан әрі – АТК) Ақмола облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Е.Г.-ға қатысты тәртіптік іс қозғау туралы ұсыныс енгізу туралы шешім қабылдады;
- Ақтөбе облыстық адвокаттар алқасының аттестациялық комиссиясының мүшесіне адвокат Т.Р.-ға қатысты Т.Г.-ның шағымын қанағаттандырудан РАА адвокатура тәртіптік Комиссиясына ұсыныс жасау үшін негіздердің болмауына байланысты бас тартты.

17 қаңтарда РАА Төрағасы Айдын Бикебаев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұйымдастырған «Сот жүйесі қазақстандық қоғамның тұрақты дамуының негізі ретінде» ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. 

17 қаңтарда, 18 қаңтарда РАА Төрағасы Айдын Бикебаев пен РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың адвокаттарды іске кіріскен кезден бастап қылмыстық іс материалдарына кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі ұйымдастырған жұмыс кеңесінде Қылмыстық-процестік кодекстің 70-бабына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы РАА-ның ұстанымын айтты.

18 қаңтарда Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары Ерлан Ғазымжанов пен Дмитрий Куряченко, Әлия Илькенова «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін оңтайландыру мәселелері бойынша Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстер өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау бойынша сараптау тобының отырысына қатысты. Онда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының депутаттар фракциясының Мәжілістегі жұмыс тобына енгізу үшін РАА ұсынған түзетулер талқыланды.

18 қаңтарда Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Айдана Нұркеева Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 1997 жылғы 6 наурыздағы N3 «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының 1-тармағын, 14-бабының 1-тармағын, 77-бабының 3-тармағының 3) тармақшасын, 79-бабының 1-тармағын және 83-бабының 1-тармағын ресми түсіндіру туралы» нормативтік қаулысының қарар бөлігінің 6-тармағын түсіндіру туралы Бас Прокурордың өтініші бойынша Конституциялық Соттың отырысына қатысты.
Прокуратура қарастырылып отырған санкция бойынша қорытынды беру кезінде және тұтастай алғанда сотта мемлекет мүддесін білдіру үшін өкілеттіктерді арттыруды сұрайды, дегенмен бұл тергеу сотымен мүдделер қақтығысына әкеп соғады, өйткені прокуратура іс жүзінде тергеу сотының шешімін алдын ала айтқанға әкеп соғады.
Адвокатура осы мәселе бойынша тергеу сотының құзыретіне сот бақылауы ретінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жиналған дәлелдемелерді бағаламай, күдіктердің, фактілер мен дәлелдердің негізділігін тексеру жататынын өз ұстанымында білдірді.
РАА сотқа дейінгі тергеп-тексеру, сот тергеуі сатысында да, қылмыстық істерді қарау кезінде мемлекет пайдасына басымдыққа жол бермей, прокуратураның емес, қылмыстық процесте қорғаудың рөлін күшейтуге назар аударды.

18 қаңтарда РАА Төрағасы Айдын Бикебаев пен РАА атқарушы директоры ҚР Әділет министрлігінде ҚР заңнамасына  заңнаманы дамыту тұжырымдамасы аясында адвокатураны дамыту, сондай-ақ Әділет министрлігінің  адвокатура туралы заңға ұсыныстарын талқылау жөніндегі жұмыс кеңесіне қатысты. 

Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 49 хаттарды, сондай-ақ 10 шағымдар мен өтініштерді құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.