home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АДВОКАТТЫ КӘСІБИ МІНДЕТТЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЛҚАДАН ШЫҒАРУ

АДВОКАТТЫ КӘСІБИ МІНДЕТТЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЛҚАДАН ШЫҒАРУ

 АДВОКАТТЫ КӘСІБИ МІНДЕТТЕРІН БҰЗҒАНЫ ҮШІН АЛҚАДАН ШЫҒАРУ
13.04.2026

Тәртіптік істі қарау қорытындысы бойынша адвокат кәсіби міндеттерін тиісінше орындамағаны және адвокаттық әдеп нормаларын бұзғаны үшін алқадан шығарылды.

Анықталғандай, адвокат қылмыстық іс бойынша үшінші тұлғаның мүддесін қорғау туралы тапсырманы азаматтың өтініші негізінде қабылдаған. Алайда заң көмегін көрсету туралы шарт тиісті нысанда ресімделмеген: кейін ұсынылған құжаттардың скан-көшірмелерінде тараптардың қолдары болмаған және құқықтық қатынастардың туындауын растамаған.

Тәртіптік іс материалдарына сәйкес, адвокат сот отырыстарының тек бір бөлігінде ғана қатысқан, процестің негізгі кезеңдерінде, соның ішінде сот жарыссөздерінде болмаған және істі толыққанды сүйемелдеуді қамтамасыз етпеген. Сонымен қатар, оның қатысуы қорытынды сот актісінде көрсетілмеген.

Өтініш беруші заң көмегінің тиісінше көрсетілмегенін және төленген қаражатты қайтарудан бас тартылғанын мәлімдеген.

Аумақтық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясы адвокаттың кәсіби міндеттерін елеулі түрде бұзғанын, атап айтқанда келісімді тиісінше ресімдемегенін, сондай-ақ іске толық әрі мазмұнды қатыспағанын анықтады.

Бұзушылықтардың сипаты мен жиынтығын ескере отырып, адвокатқа қатысты тәртіптік жауапкершілік шарасы ретінде алқадан шығару қолданылды.

Аталған шешімге шағым берілген. Алайда Қазақстан Республикасы Адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясы 2026 жылғы 09 қаңтардағы шешімді қарап, оны өзгеріссіз қалдырды, ал қабылданған қорытындыларды негізді, жіберілген бұзушылықтарды елеулі деп таныды.