home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА-ның АМЕРИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕКТЕБІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АЯСЫНДА АДВОКАТТАР ЧИКАГО ҚАЛАСЫНДА ОҚИ АЛАДЫ

РАА-ның АМЕРИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕКТЕБІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АЯСЫНДА АДВОКАТТАР ЧИКАГО ҚАЛАСЫНДА ОҚИ АЛАДЫ

РАА-ның АМЕРИКАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ МЕКТЕБІМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ АЯСЫНДА АДВОКАТТАР ЧИКАГО ҚАЛАСЫНДА ОҚИ АЛАДЫ
14.12.2023

Республикалық адвокаттар алқасы мен Educational Management Park LLC компаниясы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Ынтымақтастық туралы келісімнің жасалуы 2023 жылғы 27 қарашада өткен Төралқа отырысында қолдауға ие болды.

Educational Management Park Америкалық Құқық мектебінің (School of American Law)  Балқандағы, Кавказдағы, Орталық Азиядағы, Еуропадағы, Жерорта теңізіндегі, Таяу Шығыстағы, Солтүстік Африка мен Түркиядағы қызметіне айрықша құқығы бар жауапкершілігі шектеулі одақтастық (limited liability company) болып табылады. Сондай-ақ, компанияның Chicago-Kent College of Law, Illinois Tech университетімен эксклюзивті келісімі бар.

Аталған ынтымақтастық шеңберінде еліміздің адвокаттарына Chicago-Kent College of Law, Illinois Tech университетінде өздерінің кәсіби және академиялық біліктіліктерін арттыруға бірегей мүмкіндік беріледі. Университет АҚШ-тағы үшінші ірі заң нарығы болып табылатын Чикаго қаласында орналасқан. Жоғарғы оқу орны, құқықтық білімнің берік базасы мен көптеген тәжірбиелік мүмкіндіктерді үйлестіре отырып,  жоғары сапалы заң білімін ұсынады.

 

Америкалық Chicago-Kent College of Law, Illinois Tech университеті School of American Law-мен (SAL) бірлесіп заңгерлер, адвокаттар, заң факультетінің студенттері және бизнес-сектор мамандарына 75% және 100% кепілдендірілген стипендиямен өзара байланысты екі бағдарламада қабылдау жариялайды.

School of American Law (SAL) бағдарламасы мыналарды ұсынады:

  • 10 ай / екі семестрге арналған 10 кредиттік тек демалыс күндеріне көзделген курсын
  • Онлайн немесе гибридті оқыту режимін
  • Барлық 10 курсты АҚШ-тың Chicago-Kent университетінің профессорлары жүргізеді
  • School of American Law мен Chicago-Kent бірлескен сертификаты
  • TOEFL немесе IELTS қажет емес
  • Заң саласындағы ағылшын тілінің қарқынды курсын қамтиды.

Қорытынды кезең – АҚШ, Чикаго, Chicago-Kent College of Law, Illinois Tech университетінде LL.M бағдарламасы.

  • Чикагода (АҚШ) LL.M оқуының күндізгі оқыту бөлімінде бір семестр (тамыз-желтоқсан немесе қаңтар-мамыр)
  • U.S., International and Transnational Law мамандығы бойынша бір семестр аралығында LL.M дәрежесі
  • Келесі мамандықтардың бірінде екі семестр болған жағдайда LL.M дәрежесі:

LL.M in Trial Advocacy

LL.M in IP Law

LL.M in Global Business and Financial Service Law

LL.M in Legal Innovation & Technology

  • SAL  аяқталғаннан кейін TOEFL немесе IELTS кейін қажет емес
  • Чикаго-кент кампусында, Чикаго кампусынан тыс жерде жұмыс істеу мүмкіндігі және АҚШ-та тәжірибе өту мүмкіндігі
  • Chicago-Kent-те магистратураға түсу мерзімін келесі үш академиялық жылға ұзарту
  • OPT – жұмысқа орналасу құқығы Chicago-Kent College of Law екі семестрді аяқтағаннан кейін беріледі
  • BAR exam – Chicago-Kent College of Law университетінде екі семестр аяқтағаннан кейін ғана берілетін емтихан тапсыру құқығы

SAL бағдарламасының шәкіртақысы мен құны:

  • SAL бағдарламасының құны – 6 950 АҚШ доллары;
  • Республикалық адвокаттар алқасының қосымша шәкіртақысы 10% құрайды. Соңында, SAL бағдарламасының құны 6 255 АҚШ долларын құрайды.

Chicago-Kent-гі LL.M бағдарламаларының шәкіртақысы мен құны:

  • Барлық SAL түлектері үшін 75% шәкіртақы
  • LL.M оқыту құны: 43 000 АҚШ долларының орнына 10 000 АҚШ доллары
  • LL.M оқыту құны: екінші факультативтік семестр үшін 7 250 АҚШ доллары
  • Үздік SAL түлегіне 100% толық стипендия

Өтінім беру мерзімі: 2024 жылдың 10 қаңтары

Оқудың басталуы: 2024 жылдың 30 қаңтары

Америкаға баратын уақыт: 2024 жылдың желтоқсаны

Құжаттар электронды түрде беріледі:

  • Сізді ұсынушы тұлғаның аты мен электрондық поштасы көрсететілген ағылшын тіліндегі түйіндеме (CV)
  • Дипломның көшірмесі
  • Сіздің төлқұжатыңыздың немесе жеке куәлігіңіздің көшірмесі

Құжаттарды мына мекенжайларға жіберу керек:

Толық ақпарат алу үшін хабарласуға болады:

  • saladmissions@kentlaw.iit.edu    
  • +1 (773) 627-7522 (Regular, WhatsApp)
  • +995 577 97 40 01 (Regular, Viber, WhatsApp)
  • +995 577 77 40 30 (Regular, Viber, WhatsApp)

 

 

 

Меморандумды жүктеу