«Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңның 4-бабына сәйкес оның құрамына адвокаттар кіреді. Жоғары Сот Кеңесіндегі адвокатураның қазіргі өкілі Нұржанов Әлихан Әбілғазыұлының 2023 жылғы 30 желтоқсанда өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Кеңес мүшелігіне кандидаттарды ұсыну үшін РАА Төралқасы адвокаттардың келесі кандидатураларды бекітті:
Алимгожина Галина Балгазыевна – Абай облысы адвокаттар алқасы
Амиртаев Сапар Абдраманович – Түркістан облыстық адвокаттар алқасы
Демесинов Алмас Аманболович – Жетісу облысы адвокаттар алқасы
Жолболов Нурлан Каиржанович - Атырау облыстық адвокаттар алқасы
Калбаев Нураден Елемесович – Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы
Канафин Данияр Кайратович – Алматы қалалық адвокаттар алқасы
Орынбекова Айгуль Серикбековна – Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасы
Салпеков Алмас Сайлаубекович – Алматы облыстық адвокаттар алқасы
Шаймерденов Мейрам Жарылгапович - Қарағанды облыстық адвокаттар алқасы
Ұсынылып отырған кандидаттар тәжірибелі, мінсіз беделге ие адвокаттар.
Кеңес мүшесі болатын адвокатура өкілі өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде адвокаттық қызметін тоқтата тұруға міндетті, оның еңбегіне ақы төлеуді Кеңес республикалық бюджет қаражаты есебінен Жоғарғы Сот судьясының жалақысы мөлшерінде жүргізетін болады.
Жоғары Сот Кеңесі құрамына кандидаттарды таңдау кезінде олардың құзыреттері мен дағдыларын тексеру және бағалау үшін оларға заманауи HR құралдары қолданылатын болады.
Әр кандидатқа іріктеуде сәттілік тілейміз! Адвокатураның әрбір өкілі елдің сапалы судьялар корпусын қалыптастыруға қатысуға лайық екеніне сенімдіміз.