29.01.2024 – 09.02.2024 НӘТИЖЕЛЕРІ

29.01.2024 – 09.02.2024 НӘТИЖЕЛЕРІ
12.02.2024

30 қаңтарда РАА төрағасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары Комитеті ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы: қазіргі жағдайы және даму жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дөңгелек үстелде Айдын Бикебаев заң көмегін көрсету туралы шарттың толық құқықтық реттелмеуіне қатысты мәселелерді көтерді, сондай-ақ қылмыстық істер бойынша адвокаттың заң көмегін көрсетуден бас тартуының заңды жағдайларын қамтамасыз етуді, адвокаттардың бір реттік негізде құқықтық кеңес беру және құқықтық құжаттарды әзірлеу кезінде «табыс алымдарын» белгілеуге және шарттың ауызша нысанын енгізуге рұқсат беруді ұсынды. Бұл ұсыныстардың барлығы Қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасында қарастырылған.

30 қаңтарда РАА Ғылыми-консультативтік кеңесі:
1) адокаттарға адвокаттық сұрау бойынша жылжымайтын мүлiкке құқықтар туралы құқықтық кадастрдан ақпарат беру туралы;
2) «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі дипломы (магистратура) бар тұлғалар үшін кейіннен лицензия алу үшін аттестаттау үшін кәсіптік қызметпен айналысу үшін тағылымдамадан өтуге рұқсаттың негізділігі туралы мәселе бойынша ұстанымдарды бекітті.
Екінші мәселе (магистратураға қатысты) РАА қорытынды ұстанымын анықтау үшін РАА Төралқасының қарауына беріледі.

31 қаңтарда РАА Төрағасы Айдын Бикебаев КазГЮУ-де өткен «Қазақстанға адвокаттық монополиясы қажет пе?» тақырыбындағы панельдік пікірталасқа қатысып, оның барысында әлемдік тәжірибеде қабылданған стандарттарға сәйкес адвокаттық қызметті реттеу қажеттілігі туралы өз ұстанымын білдірді.

31 қаңтарда РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының астаналық филиалында сарапшылық топ құрамында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыруда Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауға қатысты. .

1 ақпанда РАА ҒКК мүшесі Дмитрий Куряченко, адвокаттар Ерлан Ғазымжанов, Юлия Малюкова ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспанның төрағалығымен өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыруда Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау жөніндегі Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобының отырысына қатысты.

05 ақпанда РАА Төралқасы:
- жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын адвокаттар өз пайдасына төлеуіне қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне өтініш жолдау туралы шешім қабылдады;
- Қазақстан адвокаттарының футболдан ұлттық құрамасының адвокаттар мен заң қоғамдарына арналған 2024 жылғы 3-7 сәуірде футболдан Еуропа кубогына (Eurolawyers Lawyers' European Football Cup), Spain, Calvià – Mallorca (Испания) қатысуын қолдады; Қазақстан адвокаттарының ұйымдастыру комитетін келесі құрамда бекітті: Нұрлан Жолболов (Атырау облытық адвокаттар алқасының төралқасының мүшесі), Руслан Ұзқанов (Астана қаласы адвокаттар алқасының төрағасы) және Мәлік Жақыпов (Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты); футболшылардың тіркеу жарнасы мен жабдықтарын төлеуге қаражат бөлуді қолдады;
- Ақмола облыстық адвокаттар алқасы төралқасының адвокат Б.М.-ға қатысты қабылданған шешімі бойынша тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты С.Е.-ның шағымын қараудан бас тартты.
- Ш.А.-ның шағымы бойынша Алматы қалалық адвокаттар алқасы төралқасының адвокат М.В.-ға қатысты қабылданған шешімін, сондай-ақ С.Г.-ның шағымы бойынша адвокат Т.В.-ға қатысты қабылданған Маңғыстау облыстық адвокаттар алқасы төралқасының қаулысын аталған адвокаттар Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы заңнамасының, Адвокаттардың кәсіби әдеп кодексінің талаптарын бұзғанын көрсететін жеткілікті негіздердің болмауына байланысты өзгеріссіз қалдырды.

5 ақпанда РАА Төрағасының орынбасары Игорь Вранчев, РАА Төралқа мүшесі Қалиақпаров Қалтай, РАА ҒКК мүшелері Дмитрий Куряченко, Айдана Нұркеева, адвокаттар Юлия Малюкова (Атырау) және Әлия Илькенова (Астана) Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның төрағалығымен өткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарау бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобының отырысына қатысты. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне қылмыстық құқық бұзушылық түсінігін енгізудің, нөлдік төзімділік қағидатын сақтаудың, онша ауыр емес қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейтудің, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылыққа қарсы қылмыстарға қатысты өзгерістер мен толықтырулардың тұжырымдамалық мәселелері қаралды.

6 ақпанда РАА төрағасы Айдын Бикебаев, РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев, атқарушы директор Айнаш Құдабаева, РАА Төралқа мүшелері Рашид Евниев пен Қалтай Қалиақпаров РАА-ның ӘҚБТ және Қылмыстық кодекске адвокаттардың заңды әрекеттеріне кедергі келтіргені үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің тәртіптік жауапкершілігін енгізу туралы ұсыныстары бойынша ҚР Әділет министрлігінде өткен  кеңеске қатысты.
 
6 ақпанда РАА төрағасы Айдын Бикебаев Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары жөніндегі комитеті ұйымдастырған «Қылмыстық және азаматтық сот ісін жүргізуде тараптардың бәсекелестігі мен теңдігі қағидаттарын жүзеге асыру туралы» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Қатысушылар қатарында РАА Төралқасының мүшелері Қалтай Қалиақпаров пен Анара Құсайынова, Рашид Евниев, РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев, Алматы қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Мұрат Жанбаев, Астана қаласы адвокаттар алқасының адвокаттары Ерлан Ғазымжанов, Эльмира Жалмағамбетова, Әлбина Жасұзақова және Ернар Аяжанов болды

9 ақпанда Адвокатураның тәртіптік комиссиясы:
- Астана қалалық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының адвокат К.С. алқасынан шығару тұралы К.С.-тың шағымын  қанағаттандырусыз қалдырды;
- Түркістан облыстық адвокаттар алқасының тәртіптік комиссиясының адвокат А.А. алқадан шығару тұралы шешімнің күшін жойды.

 

Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 81 хатты, сондай-ақ 26 шағым мен өтінішті құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА төрағасы адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.