28.08.2023 – 08.09.2023 НӘТИЖЕЛЕРІ

28.08.2023 – 08.09.2023 НӘТИЖЕЛЕРІ
11.09.2023

29 тамызда РАА Төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ дөңгелек үстел форматында қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасын жетілдіру жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВАЖТ) отырысына қатысты.
 
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1. Бас бостандығынан айыруға балама жазаларды қолдану тәжірибесін кеңейту;
2. Жәбірленуші қайтыс болған жағдайда туыстарының арыздары бойынша жеке айыптау бойынша қылмыстық істерді қозғау мүмкіндігін белгілеу;
3. Қылмыстық қудалау органдарына жеке айыптау істері бойынша жәбірленушіге тұлға туралы мәліметтер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайын анықтауға көмектесу міндетін жүктеу;
4. Қылмыстық кодекстің 216-бабына субъективтілікті, материалдық залалды алып тастау және мүліктік игіліктерді белгілеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
5. Тұлғаға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты күшейту туралы (Түркістан облысы, Сарағаш ауданы, Жібек-Жолы ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты)


ВАЖТ отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын және оны қолдану тәжірибесін жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

1 қыркүйекте ҚР Парламенті Палаталарының жаңа сессиясының жалпы отырысының ашылу салтанатына РАА Төрағасы Айдын БІКЕБАЕВ қатысты.

1 қыркүйекте РАА ҒКК «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысының жобасы бойынша ұстанымын мақұлдады».

04 қыркүйек РАА Президиумы:
- Адвокаттардың бiлiктiлiгiн арттыру тәртiбiне және Адвокаттардың бiлiктiлiгiн арттыру стандарттарына түзетулер жобасын мақұлдады;
- РАА ҒКК-не адвокаттардың мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету тәртібі, адвокаттар арасында қорғау, өкілдік ету, заң консультациясы бойынша тапсырмаларды бөлу, сондай-ақ татуластыру рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы Ереженің жобасын одан әрі қарауды тапсырды;
- РАА төрағасының Алматы қаласы ОАА адвокаты Ж.Д.-ға қатысты,  РАА төрағасы Б.А.-ға қатысты, Түркістан облыстық адвокаттар алқасы президиумының мүшесі А.А.-ға қатысты, РАА Тәртіптік адвокаттар комиссиясының мүшесі Т.Ф.-ға және Атырау ОАА Тәртіптік комиссиясының мүшесі Т.Б.-ҒА қатысты, ШҚО ОАА Президиумының төрағасы А.Б. және РАА Төралқасының мүшесі, Алматы ОАА адвокаты У.А.-ға қатысты, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы президиумының төрағасы И.Г.-ға қатысты, Атырау ОАА Төралқасының адвокат Ж.Г.-ға қатысты шешімі бойынша, Маңғыстау ОАА Төралқасының адвокат Т.В.-ға қатысты шешімі бойынша РАА Адвокатураның тәртіптік комиссиясының қарауына ұсыныс енгізуіне негіз болмағандықтан шағымды қараудан бас тартты;
- «Мықты адвокатура – құқықтық мемлекеттің тірегі" атты Қазақстан адвокаттарының VII форумын дайындау мәселелерін талқылады;
- HELP бағдарламасының шақыруымен 2023 жылғы 12–13 қазанда Ашхабадта, Түрікменстанда өтетін халықаралық конференцияға қатысушылар үшін РАА кандидаттарын анықтады;
- РАА Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау комиссиясының мәселелері қаралды;
- Даубалаев М.Т. кандидатурасын «Адвокатураның дамуына қосқан үлесі үшін» медалімен марапаттау үшін және Қызылорда ОАА ұсынған (Қызылорда ОКА ғимаратының құрылысына қатысқан адвокаттар мен демеушілер тізімін) РАА-ның Алғыс хаттары үшін мақұлдады;
- Түркістан ОАА-ға РАА-ға (Түркістан ОАА ғимаратын салуға қатысқан адвокаттар мен демеушілердің тізімін) алғыс хаттарға ұсынуды ұсынды.

5 қыркүйекте РАА Төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ, РАА төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ, сондай-ақ 16 заңгер Еуропалық адам құқықтары бойыншаоқыту бағдарламасының (HELP) шеңберінде Еуропалық Одақ пен Еуропа Кеңесінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты, Бас прокуратура және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия ұйымдастырған «Конституциялық Сотқа жеке өтініштер адам құқықтарының бұзылуын қорғау құралы ретінде» тақырыбында заңгерлерге арналған семинарға қатысты.

Семинар барысында іс-шараға қатысушылар адам құқықтары саласындағы еуропалық заңнаманың озық тәжірибелерімен және құралдарымен танысты. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа және ұлттық конституциялық соттарға шағымдардың қабылдану критерийлері, жеке арыздар бойынша шешімдердің орындалуы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының даму перспективалары қарастырылды.

6 қыркүйекте РАА Төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ пен РАА ҒКК төрағасы Сергей Сизинцев Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ғылыми-консультативтік кеңесінің отырысына қатысты, онда «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасы бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулы жобасы қаралды. 

7-8 қыркүйекте РАА Төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы 75 жылдығына арналған «Конституциялық сот төрелігі: баршаға арналған қадір-қасиет, бостандық және әділеттілік» атты Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысты. Оның аясында жаңа конституциялық бақылау органының бірінші жартыжылдық жұмысының қорытындысы шығарылды.

Конференция барысында адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құндылықтарын ілгерілетудегі конституциялық бақылаудың рөлі мен тиімділігі, азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігі және сот төрелігін қорғау мен қамтамасыз етудің тең мүмкіндіктері, сондай-ақ қақтығыстарды шешудегі күш-жігерді біріктіру және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

8 қыркүйекте Адвокатураның тәртіптік комиссиясының (бұдан әрі – АТК) отырысында мынадай шешімдер қабылданды:
- Адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы ереженің 1) 41 тармағына сәйкес Абай облыстық Әділет департаментінің Абай облысы АТК 2023 жылғы 24 маусымдағы Қ.Т. және А.Р. адвокаттарына қатысты қабылданған шешімі бойынша шағымын қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарылды, және Қ.Т. және А.Р. адвокаттардың іс-әрекетерінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексінің талаптарын бұзушылықтардың болмауына байланысты өзгеріссіз қалдырылды;

- Адвокатураның тәртіптік комиссиясы туралы ереженің 1) 41 тармағына сәйкес Астана қаласы Әділет департаментінің Астана қаласы АТК 2023 жылғы 14 шілдедегі  Н.Х. адвокатына қатысты қабылданған шешімі бойынша шағымын қанағаттандырусыз қалдыру туралы шешім шығарылды, және Н.Х. адвокаттың іс-әрекетінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының және Адвокаттардың кәсіби этикасы кодексінің талаптарын бұзушылықтардың болмауына байланысты өзгеріссіз қалдырылды.

Өткен кезеңде РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 101 хатты , оның ішінде 33 арыз-шағымды құрады. Барлық сұраулар өңделуде.

РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары адвокаттармен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.