8 тамызда адвокаттар алқасының Тәртіптік комиссиясы:
- Түркістан адвокттар алқасының адвокаты А.А.ның әрекеттерінде адвокаттық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде алқа Жарғысының талаптарын бұзушылық болмауына байланысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатылды;
- Түркістан адвокттар алқасының адвокаты С.С.ның әрекеттерінде адвокаттық қызметті реттейтін қолданыстағы заңнаманың, оның ішінде алқа Жарғысының талаптарын бұзушылық болмауына байланысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатылды.
10 тамыз Республикалық адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесі (РАА ҒКК):
- Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының азаматша Б.А.-ның өтініші бойынша хатына сәйкес Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-тармағын, ӘРПК-нің 168-бабының 4-бөлігінің бірінші тармағына сәйкес келмеуі туралы ұстанымын бекітті;
- ӘРПК-нің 151 және 168-баптарын қолдану тәжірибесі олардың сәйкессіздігін және заңнамаға өзгерістер енгізу қажеттілігін куәландырады деген қорытындыға келді.
Осы ұстаным заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстармен 11.08.2023 ж Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотына жіберілді.
Өткен аптада РАА-ға түскен кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 40 хаттарды, оның ішінде 17 шағымдар мен өтініштерді құрады. Барлық сұраулар өңделуде.
РАА Төрағасы мен Төрағасының орынбасары заңгерлермен, мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды қабылдады.