home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары 16 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

16 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

16 ЖЕЛТОҚСАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
16.12.2025

Құрметті қазақстандықтар!

Адвокаттар қауымдастығының атынан сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз. Бұл — халқымыздың егемен даму жолын, заңдылықты және ел болашағы үшін жауапкершілікті таңдағанын айқындайтын маңызды күн.

Тәуелсіздік құқықтық үстемдікті орнықтырумен, адам қадір-қасиетіне құрметпен және құқықтық мемлекет институттарына деген сеніммен тығыз байланысты. Өзінің қоғамдық маңызы бар функциясын атқара отырып, адвокатура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауда, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге жәрдемдесуде және заңның үстемдігін нығайтуда дәйекті түрде қызмет етіп келеді.

Өзінің кәсіби және қоғамдық жауапкершілігін терең сезіне отырып, адвокаттар қауымдастығы алдағы уақытта да құқықтық мәдениетті дамытуға, азаматтық қоғамды нығайтуға және мемлекеттік институттардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге өз үлесін қоса береді.

Қазақстан Республикасына татулық пен тұрақтылық, кемел келешекке бағытталған берік қадамдар мен толағай табыстар тілейміз!