Атырау облыстық адвокаттар алқасының мүшесі.
«Слово защиты» адвокат кеңсесінің негізін қалаушы және директоры,
Адвокат тәжірибесі: 20 жыл.
Қазақстан Республикалық адвокаттар алқасы Адвокаттардың әлеуметтік және кәсіби құқықтарын қорғау комиссиясының төрағасы (2017-2018 ж.ж.)
«Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Қылмыстық-процестік кодекстеріне қылмыстық сот ісін жүргізуде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша Жұмыс тобының мүшесі.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған көптеген құқықтық мақалалардың авторы.
Көшбасшы мен менеджерге тән барлық қасиеттерге ие. Мақсатты, ойы ұшқыр, тіл табыса алатын, түскен мәселелер мен сұрақтарды тез шеше алатын.
Күшті әділеттілік сезімі. Өз кәсібіне және адвокаттық ісіне берілген.
Азаматтардың әлеуметтік осал және қорғалмаған санаттарына жүйелі түрде тегін адвокат көмегін көрсетеді, «Халық заңгері» акциясына қатысады және т.б., дәрістер оқиды және Атырау қаласының білім беру ұйымдарында жиі қонақ болып тұрады.
Жан-жақты – сахнада ән айтады, фильмдерде ойнайды, «Атырау бодибилдинг федерациясы», «Ұлттық спорт түрлері – асық ату» құрылтайшысы, ардагерлер арасындағы футболдан Қазақстан чемпионы (Тараз, 2017).
Қазіргі таңда Атырау университетінің оқу үдерісіне «Адвокат және нотариат ісі» мамандығын енгізу жобасымен айналысуда.
АОАА президиумы мен Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы лауазымына ұсынылды.