Сизинцев Сергей Васильевич 02.04.1976 жылы туған.
2000 жылы "Әділет" Жоғары құқық мектебін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.
2000-2011 жылдары "Де-факто" ЖШС (Петропавл қаласы) заңды көмек көрсету фирмасын ашып, директоры қызметін атқарды
2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін defacto.kz интернет-ресурсының басшысы болып табылады
2013-2019 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты болды
2013 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін De Facto адвокаттық кеңсесінің басқарушы серіктесі, атқарушы директоры
2016-2018 жылдар аралығында Республикалық адвокаттар алқасының атқарушы директоры
2018 жылдан 2019 жылға дейін Республикалық адвокаттар алқасының ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы қызметін атқарды
2019 жылдан 2021 жылға дейін De Facto заң фирмасының атқарушы директоры болды
2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің біліктілік комиссиясының мүшесі
2022 жылдан бастап РАА Ғылыми-консультативтік кеңестің төрағасы
Тәжірибелі адвокат және заңгер. Мамандандыру: азаматтық, экономикалық, салықтық, еңбек, отбасылық, банктік, корпоративтік даулар, мемлекеттік органдармен даулар. Құқықтық сараптама. Жазбаша заңды қорытындылар жасау. Нормативтік актілердің жобаларын әзірлеуге қатысу. Заң жобалары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі жұмыс топтарына қатысу.
Семинарлар мен вебинарлар өткізіп тұрады. 2015 жылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Петропавл, Қостанай, Орал, Атырау, Қарағанды қалаларында адвокаттар, заңгерлер мен кәсіпкерлер үшін, сондай-ақ онлайн форматта 70-тен астам практикалық семинарлар мен вебинарлар өткізді
E-mail sizintsev@defacto.kz