Атырау облысы адвокаттар алқасының адвокаты, «Вранчев и партнеры» адвокаттық кеңсесінің серіктесі.
Атырау облысы адвокаттар алқасының Консультативтік-әдістемелік кеңесінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі.
2018 жылы Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша үздік дипломмен тәмамдаған.
2020 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ағылшын тілінде оқытылатын ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистрлік диссертациясын сәтті қорғап, заң ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алған.
2019 жылғы қараша – 2019 жылғы желтоқсан аралығында Литва Республикасының Вильнюс қаласындағы Vilnius University-де ғылыми-педагогикалық тағылымдамадан өткен.
2020 жылғы наурыз – 2022 жылғы шілде – адвокаттың көмекшісі.
2020 жылғы маусым – 2022 жылғы шілде – заң кеңесшісі, Атырау облысы Заң кеңесшілері палатасының мүшесі.
2022 жылғы 13 шілдеде берілген №22012997 лицензия негізінде адвокаттық қызметті жүзеге асырады.
Жоғары білім алу кезеңінде Астана қалалық сотында екі мәрте оқу-өндірістік практикадан өткен.
2018 жылғы наурыз – тамыз айлары аралығында Астана қаласында әлеуметтік қызметке белсене қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Астана қаласының «Қоғамдық келісім» КММ-не маман лауазымына қабылданған.
2017 жылғы 14 сәуір – студенттер мен жас ғалымдардың XII Халықаралық ғылыми конференциясында
«Ғылым және білім – 2017» тақырыбы бойынша II орын алғаны үшін грамотамен марапатталған;
2017 жылғы 23 желтоқсан – «Қазіргі жаһандық мәселелерді шешудегі халықаралық құқықтың рөлі мен орны» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға дайындыққа қатысып, креативтілік танытқаны үшін грамота;
2017 жылғы 31 тамыз – «Конституция және қоғам мен мемлекеттік жаңғыру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында II орын алғаны үшін диплом;
2017 жылғы 14 желтоқсан – «Адам құқықтарын қорғау тетіктері» тақырыбындағы III Халықаралық жастар заң форумына қатысқаны үшін сертификат;
Астана қалалық мәслихаты депутаттарын сайлау науқанына Сыдыков Е.Б.-ның сенімді өкілі ретінде қатысып, қосқан үлесі үшін алғыс хат;
2016 жыл – Астана қаласында қоғамдық тәртіпті сақтауға және «Жас сақшы» студенттік құқықтық тәртіп жасақтарының жұмысына қатысқаны үшін жергілікті полиция қызметі басшысынан алғыс хат;
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ж.У. Мырзаликовтан алғыс хат;
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Сыдыков Е.Б.-дан оқу мен қоғамдық қызметтегі жоғары жетістіктері және университет пен астана көлеміндегі әлеуметтік-мәдени іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін алғыс хат.
азаматтық құқық және азаматтық процесс, атқарушылық іс жүргізу;
қылмыстық құқық және қылмыстық процесс, жазаларды орындау;
әкімшілік сот ісін жүргізу және әкімшілік рәсімдер (ӘРПК).