home-img ПравСРАВНИТЕЛЬНАЯ ТАБЛИЦА Республиканской коллегии адвокатов к проекту нормативного постановления Верховного Суда Республики Казахстан «О некоторых вопросах судебной практики по делам о правонарушениях против половой неприкосновенности личновые позиции Қазақстан Республикасы Адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне беру жөніндегі ұстанымы

Қазақстан Республикасы Адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне беру жөніндегі ұстанымы

Қазақстан Республикасы Адвокаттар алқасының Ғылыми-консультативтік кеңесінің жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне беру жөніндегі ұстанымы
12.12.2025

Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру аясында әкімшілік әділет жүйесін одан әрі нығайту, сондай-ақ жария-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне өткізу және оларды Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттардың (МАӘС) қарауына беру көзделген.

Қазіргі уақытта жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттары әлі де жалпы юрисдикциядағы соттарда Азаматтық процесстік кодекс нормаларына сәйкес қаралуда. Даулардың әртүрлі процестік кодекстер арасында бөлінуі құқық қолдану практикасының бірізділігін әлсіретіп, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау сапасының төмендеуіне әкеп соғады.

Осыған байланысты әкімшілік сот ісін жүргізу реформасын аяқтап, жария-құқықтық даулардың қалған санаттарын МАӘС-тің құзыретіне беру арқылы бірыңғай процестік тәртіпті қамтамасыз ету орынды деп саналады.

ӘРПК қолданысқа енгізілген уақыттан бері әкімшілік соттарда дауларды қарау практикасы аталған кодексте көзделген нормалардың тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар құқық қолдану тәжірибесі ӘРПК-нің рәсімдік те, процестік те бөліктерін одан әрі жетілдіру қажеттігін айқындады.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында әкімшілік әділет саласының аясын одан әрі кеңейту қажеттігін атап өтті. Бүгінгі таңда әкімшілік сот ісін жүргізу шеңберінде сот практикасын қалыптастыру және жетілдіру үдерісі жалғасуда.

Осыған байланысты жария-құқықтық дауларды ГПК-ден ӘРПК-ге кезең-кезеңімен көшіру орынды деп есептеледі.


Алып тастау ұсынылады:

  • 30-тарау – «Нормативтік құқықтық актінің заңдылығына дау айту істері бойынша іс жүргізу»;

  • 30–1-тарау – «Активтерді қайтару жөніндегі уәкілетті органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту істері бойынша іс жүргізу»;

  • 38-тарау – «Психикалық, мінез-құлықтық бұзылыстары (психоактивті заттарды қолданумен байланысты емес) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымның стационарына мәжбүрлеп жатқызу туралы істер бойынша іс жүргізу»;

  • 44-тарау – «Азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателіктерді анықтау туралы істер бойынша іс жүргізу».


30-тарауды көшірудің ерекшелігі

ГПК-нің 30-тарауын ӘРПК-ге көшіру Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотының қызметімен байланысты, ол азаматтардың нормативтік құқықтық актілердің конституциялылығын тексеру жөніндегі өтініштерін қарайды.

Конституциялық және әкімшілік сот ісін жүргізу арасындағы негізгі айырмашылықтар мыналардан көрінеді:

  1. КС НҚА-ның Конституцияға сәйкестігін тексереді, ал МАӘС – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің заңдылығын (яғни, Конституциялық заңдарға, кодекстерге, заңдарға сәйкестігін) қарайды.

  2. КС барлық түрдегі НҚА-ны (заңдар, заңға тәуелді актілер және нормативтік қаулылар) тексере алады, ал әкімшілік сот ісін жүргізу аясында тек заңға тәуелді НҚА қаралады.

  3. Конституциялық іс жүргізуді бастау үшін НҚА нақты істе қолданылуы тиіс, ал ӘРПК-де мұндай талап көзделмейді.

  4. НҚА-ны Конституцияға сәйкес емес деп тану оның күшін жоюмен қатар, мазмұны ұқсас басқа НҚА нормаларын да жоюға негіз болады. ӘРПК-де мұндай салдар көзделмеген.

  5. КС шешімдері МАӘС үшін преюдициялық мәнге ие және шағым жасауға жатпайды. Ал МАӘС шешімдері преюдициялық мәнге ие болмайды, бұл азаматқа КС-ке жүгіну мүмкіндігін сақтайды.

  6. Заңға тәуелді НҚА-ны заңсыз деп тану «Құқықтық актілер туралы» заңға сәйкес оның немесе оның бөлігінің күшін жоюға әкеп соғады.


Халықаралық тәжірибе

Армения Республикасының Әкімшілік сот ісін жүргізу кодексі

Кодекстің 191-бабына сәйкес әкімшілік соттардың қарауына Президенттің, Үкіметтің, Премьер-министрдің, ведомстволық, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жоғары заңи күші бар актілерге (Конституцияны қоспағанда) сәйкестігі туралы істер жатады.

Қырғыз Республикасының Әкімшілік-процестік кодексі

15-бапқа сәйкес әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен, оның ішінде, әкімшілік актілердің жарамсыздығын тану, әрекеттерге (әрекетсіздікке) дау айту, заңға тәуелді НҚА-ларды заңсыз деп тану жөніндегі істер қаралады.

Литва Республикасының «Әкімшілік істер бойынша іс жүргізу туралы» заңы

17-бапта мемлекеттік және жергілікті басқару органдарының актілері мен әрекеттерінің заңдылығына, салық дауларына, қызметтік дауларға, сайлау және референдум мәселелеріне қатысты істердің әкімшілік соттарда қаралатыны белгіленген.

Молдова Республикасының Әкімшілік сот ісін жүргізу кодексі

206-бапқа сәйкес әкімшілік талап қою арқылы нормативтік әкімшілік актіні толық немесе ішінара жоюға жол беріледі, ал 190-бапта саяси және әскери сипаттағы актілерге дау айтуға тыйым салынған.


Қорытынды

Жария-құқықтық даулардың жекелеген санаттарын АПК-ден ӘРПК-ге көшіру азаматтардың әкімшілік соттарға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге немесе олардың жекелеген нормаларына дау айту мүмкіндігін кеңейтеді.

Ұсынылып отырған өзгерістер азаматтар, сот жүйесі және мемлекет үшін тиімді болып табылады, әкімшілік реформаның логикалық жалғасы саналады, халықаралық стандарттарға сәйкес келеді және жария-құқықтық саладағы сот арқылы қорғалу кепілдіктерін нығайтуға бағытталған.

23.04.2026

21.04.2026