home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РОЗА САҚТАҒАНҚЫЗЫ ҚУАНЫШБАЕВА АДВОКАТУРАНЫҢ ЖОҒАРЫ НАГРАДАСЫ — "ҚАЗАҚСТАН АДВОКАТЫНЫҢ АЛТЫН БЕЛГІСІНЕ" ИЕ БОЛДЫ

РОЗА САҚТАҒАНҚЫЗЫ ҚУАНЫШБАЕВА АДВОКАТУРАНЫҢ ЖОҒАРЫ НАГРАДАСЫ — "ҚАЗАҚСТАН АДВОКАТЫНЫҢ АЛТЫН БЕЛГІСІНЕ" ИЕ БОЛДЫ

РОЗА САҚТАҒАНҚЫЗЫ ҚУАНЫШБАЕВА АДВОКАТУРАНЫҢ ЖОҒАРЫ НАГРАДАСЫ —
03.12.2024

Республикалық адвокаттар алқасы Төралқасының шешімімен кәсіби мереке - Адвокатура күні қарсаңында Роза Сақтағанқызы Қуанышбаева жоғары награда "Қазақстан адвокатының алтын белгісімен" марапатталды.


Бұл наградамен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауда аянбай қызмет ететін және адвокатураның жоғары кәсіби мұраттарын ұстанғаны үшін жыл сайын бір адвокат наградталады.


Роза Сақтағанқызы өзінің кәсіби мансабын Октябрь аудандық сотының сот отырысының хатшысы қызметінен бастады. Кейіннен ол Торғай облысы адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы болды. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы қызметін атқарды (1996-1999 жж.).  Қазақстан Адвокаттар одағының президенті болып сайланды (2001-2004 жж.), әр жылдары мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарды.  
Роза Сақтағанқызы өзінің 49 жылдық кәсіби өтілінің 25 жылдан астамын адвокаттық практикаға арнады. Ол терең білім мен аналитикалық тәсілді көрсете отырып, сенім білдірушілердің құқықтарын қорғаудағы жоғары кәсібиліктің үлгісі болып табылады. Оның тәлімгерлік қызметі мен жас мамандарды тәрбиелеуге белсенді қатысуы Қазақстан адвокатурасының дәстүрлері мен құндылықтарын сақтай отырып, оны нығайтуға көмектеседі.


Роза Сақтағанқызын лайықты наградасымен құттықтаймыз және азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқықтық жүйені дамытуға қосқан зор үлесі үшін шын жүректен алғыс білдіреміз! Сізге зор денсаулық, болашақта табыс пен амандық тілейміз!