home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары РАА МЕН АМАНАТ ЖАҢА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

РАА МЕН АМАНАТ ЖАҢА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

РАА МЕН АМАНАТ ЖАҢА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
15.05.2023

Бүгін Республикалық адвокаттар алқасы мен «Аманат» партиясы» қоғамдық бірлестігі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, сондай-ақ адвокаттардың кәсіби мүдделерін ілгерілету мақсатында жаңа ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

РАА, саяси бейтараптылықты сақтай отырып, саяси партиялардың ешқайсысына артықшылық бермей, «Аманат» партиясы парламенттік көпшілік болып табылатынын ескере отырып, Меморандумда бірлескен қызметтің келесі бағыттарын белгілеуді ұсынды:

- адвокаттардың, атап айтқанда, 2022 жылғы 18 сәуірде Республикалық адвокаттар алқасының төралқасымен бекітілген Қазақстан адвокатурасын дамытудың 2022–2025 жылдарға арналған «Жаңа Қазақстан – жаңа адвокатура» тұжырымдамасында және адвокаттық қызметтің жай-күйі туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндамаларда көрсетілген мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

- Қазақстандық адвокатураны дамыту тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған нормаларды заңнамаға енгізуге жәрдемдесу және Қазақстан Республикасының Парламентінде тиісті заң жобаларын қарауда қолдау көрсету;

- мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бағдарламасын қаржыландыруды ұлғайту және осы бағдарлама бойынша адвокаттардың еңбекақысын арттыру арқылы халыққа тегін заң көмегін көрсету көлемін ұлғайту мәселелерін шешуге жәрдемдесу.