home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ПРЕЦЕДЕНТТІК ІС: АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНІ ҮШІН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

ПРЕЦЕДЕНТТІК ІС: АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНІ ҮШІН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ

ПРЕЦЕДЕНТТІК ІС: АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ КЕДЕРГІ КЕЛТІРГЕНІ ҮШІН ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТҚА ДЕЙІНГІ ТЕРГЕУ БАСТАЛДЫ
08.08.2024

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Гаухар Джаксыбековна Салимбаева өзінің кәсіби құқығын қорғау үшін Республикалық адвокаттар алқасына жүгінді. Оған Шымкент қалалық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкері мен Алматы қаласы Алмалы аудандық учаскелік полиция инспекторының  адвокатқа клиентімен кездесуге мүмкіндік бермей, күшін қолданып, яғни құрметтемеушілік жасап, артық билігін көрсету әрекеті себеп болған.

Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Республикалық алқасының комиссиясы адвокаттың кәсіби құқықтарының бұзылу фактісін растады. Осыған байланысты Республикалық адвокаттар алқасы ҚР Бас прокуратурасы мен ҚР Ішкі істер министрлігіне Шымкент және Алматы полиция қызметкерлерінің әрекеттері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуді сұрап жүгінген.

Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелерінің, сондай-ақ РАА мен Алматы қалалық адвокаттар алқасы басшылығының бірлескен күш-жігерінің арқасында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 435-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Айта кетерлігі, соңғы онжылдықтарда мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған бірде-бір оқиға болмаған. Сондай-ақ мемлекеттік органдар адвокаттардың өтініштеріне жауап бермеген жағдайларды қоспағанда, адвокаттардың қызметіне кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылмаған.

Бұл іс қисынды аяқталып, болашақта адвокаттардың құқықтарының бұзылуына жол бермеуге және олардың кәсіби мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге көмектесетін маңызды прецедентке айналады деп сенеміз.