home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫН 50 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫН 50 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫН 50 ЖЫЛДЫҒЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
11.10.2023

Осыдан 50 жыл бұрын, 1973 жылы 11 қазанда Жұмысшылар депутаттары Алматы Кеңесі атқару комитетінің өтініші бойынша Қазақ КСР Әділет министрлігі алқасының қаулысымен Алматы қаласы адвокаттар алқасы құрылды.

Адвокаттарының тәжірибесі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ басшылықтың кәсіпқойлығының, сарқылмас күш-қуаты мен жанқиярлығының арқасында АҚАА елдегі барлық адвокаттар алқалары арасында лайықты орынға ие болып, үлкен жетістіктерге жетті. Алматы қалалық алқасының адвокаттары өз ісінің кәсіби мамандары. Олар АҚАА мүшелігін беделді етті.

Қазір Алматы қаласы адвокаттар алқасы Қазақстандағы ең ірі алқасы болып табылады. Тағылымдамадан өтушілерді оқытуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған адвокаттардың біліктілігін арттыруға жақсы базасы бар болып тура, қазіргі уақытта Алматы қалалық адвокаттар алқасы өз қатарында білікті, тәжірибелі және принципті адвокаттарды біріктіреді.

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттарына шын жүректен одан әрі даму мен өркендеу тілейміз. Сіздің күш-құатыңызбен оптимизміңіз жаңа биіктерге жетуге көмектессін, ал тәжірибеңіз бен түйсігіңіз жаңа мақсаттарды ұсынуға мүмкіндік берсін!

Алматы қалалық адвокаттар алқасының барлық адвокаттарын адвокатураңыздың құрылғанына 50 жыл толуымен құттықтаймыз! Баршаңызға денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, Қазақстанымызға амандық пен гүлдену тілеймін!