home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕН РАА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АДВОКАТТАРМЕН АРА-ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛДЫ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕН РАА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АДВОКАТТАРМЕН АРА-ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛДЫ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕН РАА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АДВОКАТТАРМЕН АРА-ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛДЫ
07.04.2023

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ МЕН РАА ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫНЫҢ АДВОКАТТАРМЕН АРА-ҚАТЫНАСТАРЫ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛДЫ.

 

Бүгін, 7 сәуірде Ішкі істер министрлігі мен Қылмыстық-атқару жүйесінің полиция департаменттері мен мекемелерінің басшылығы республика адвокаттарымен онлайн кездесуі өтті.

Отырысты ашқан РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ ақпан айында адвокатураның жәй-күйі және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі адвокаттардың қызметі туралы 2022 жылға арналған Ұлттық баяндама ұсынылғанын атап өтті және онда  адвокаттардың құқықтарын және олардың қызметінің кепілдіктерін бұзуға, оның ішінде ішкі істер органдарына қатысты мәселелерге ұлкен назар аударылғанын айтты. Сондықтан РАА кездесуді «сұрақ-жауап» форматында өткізуге бастамашы болды.

Отырысқа қатысушыларды құттықтаған Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Қайрат СҰНТАЕВ РАА-ның бастамасымен облыстық полиция департаменттерінен аймақтық адвокаттар алқаларымен бірлесе отырып осындай кездесулер ұйымдастыруды талап ететінін, және мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіліп тұратынын, адвокаттар мен құқық қорғау органдары арасындағы ара-қатынасының мәселелерін дәйекті түрде шешетінін атап өтті.

Сондай-ақ, Қайрат СҰНТАЕВ құқық қорғау қызметкерлерінің назарын адвокаттар олардың қорғаушылары, сондықтан олардың құқықтарын сақтау керектігіне аударды.

РАА төрағасының орынбасары Игорь ВРАНЧЕВ, РАА Төралқа мүшелері Гаухар АЙТЖАНОВА, Анара ҚҰСАЙЫНОВА, Алмат ҚАСҚЫРБАЙ өз сөзінде адвокаттық қызметтің кәсіби құқықтары мен кепілдіктерін сақтау, полиция ғимараттарында техникалық құралдарды пайдалануды шектеу, сотқа дейінгі тергеп-тексеру сатысында азаматтарды қорғау құқықтарын қамтамасыз ету,  уақытша ұстау изоляторларында, тергеу изоляторларында және бас бостандығынан айыру орындарында адвокаттар  өз қорғауындағы адаммен кездесулеріне арналған орындарын қамтамасыз ету мәселелерін көтерді.

Адвокаттық қызметтің маңызды мәселелерін шешу, атап айтқанда, адвокаттардың тергеушінің рұқсатынсыз ғимараттарда смартфондар мен ноутбуктерді пайдалануы, ҚАЖК, уақытша ұстау изоляторы, тергеу изоляторы мекемелеріндегі адвокаттарға арналған бөлмелерді көбейту, бейнебақылау камераларын алып тастау және т.б. бойынша РАА жұмысы жалғасады.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері тыңдаушы ретінде қатысқан адвокаттардың сұрақтарын қабылдап, адвокаттарға сындарлы ұсыныстары үшін алғыстарын білдірді.

Талқылау нәтижесінде көтерілген мәселелерді шешудің нақты шаралары мен мерзімдері көрсетілген хаттама жасау туралы келісімге қол жеткізілді.

бейне-жазба сілтемесі https://www.youtube.com/watch?v=1n3tLwiml-4