Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы журналист Козачковтың ұсталуына қатысты Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз хабарламасының шығуына байланысты мән-жайлардан хабардар. Бұл іске адвокаттардың қатысы жоқ деп мәлімдейміз. Адвокатураның егжей-тегжейлі ұстанымы іске қатысушы адвокаттармен кеңескеннен кейін белгілі болады.
Республикалық адвокаттар алқасының Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссиясы адвокаттардың кәсіби құқықтарының бұзылуы туралы қорытынды әзірлеуде. Сонымен қатар Комиссия адвокат А.Б.Веретельникованы оның клиентінің үй-жайында тінту жүргізуге қатыстырмау туралы өтініші бойынша жұмысты бастады.
Сондай-ақ қорғалушыға кіргізбеу туралы адвокат И.В. Пан өтініші қаралып жатыр.
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлерін Қылмыстық-процестік кодексі мен Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына қатаң сәйкестікте әрекет етуге шақырамыз. Адвокаттардың құқықтарын бұзу фактілері анықталған жағдайда, Республикалық адвокаттар алқасы кінәлі тұлғаларды заң шеңберінде жауапқа тарту шараларын қабылдайды.