home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Жасанды интеллект және заң: проблемалар, перспективалар

Жасанды интеллект және заң: проблемалар, перспективалар

Жасанды интеллект және заң: проблемалар, перспективалар
19.05.2023

19 мамырда Қазақстан Республикасының Бас Прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы және «Қазақстан Республикасының Судьялар одағы» ұйымдастыруымен «Сот және құқық қорғау жүйесіндегі жасанды интеллект және үлкен деректер (BIG DATA): шындық және уақыт талабы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Бүгінгі таңда цифрлық технологиялардың дамуы заманауи технологиялардың артықшылықтары мен қолданыстағы заңнама арасындағы қайшылықты күшейтеді. Жасанды интеллект түсінігін, сондай-ақ жасанды интеллектті пайдаланудың құқықтық тәуекелдерін және оңтайлы құқықтық реттеуді зерттеу өзекті болды. Конференция барысында сот және құқық қорғау қызметінде жасанды интеллект пен үлкен деректерді пайдаланудың озық әдістері талқыланды.

Конференцияға РАА Ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы Сергей СИЗИНЦЕВ «Жасанды интеллект және үлкен деректер сот және құқық қорғау жүйесінде: шындық және уақыт талабы. Ол өз баяндамасында заңгерлік жұмыста AI қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктері, құқық қорғау жүйесін оңтайландыруда жасанды интеллекттің келешегі туралы айтты.