Бүгін Алматы облыстық адвокаттар алқасы жаңа облыс орталығы Қонаевта өз кеңсесінің салтанатты ашылу рәсімін өткізді. Екі қабатты ғимарат «Ивушка» ықшам ауданында орналасқан жер телімінде тек адвокаттардың қаражатына нөлден салынған.
Іс-шараға Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы А.Ж.Бикебаев пен алқаның Төралқа мүшелері А.Ж.Евниев, А.М.Умарова, А.М.Масанова, Астана қаласы адвокаттар алқасының төрағасы Р.Е.Узканов, Алматы қаласының Н.М.Неясова, Г.Б.Байгазина,, Маңғыстаудан – Мұсаев Б.М., Жетісудан – Д.М.Әділбекова, Түркістаннаня – К.У.Қамбаров , облыс және қала әкімдіктерінің, Алматы облыстық сотының, прокуратураның, Әділет департаментінің, Нотариат палатасының басшылары және басқа да құрметті қонақтар қатысты.
Бұл айтулы оқиға төраға С.Т.Мақышевтің нәтижелі жұмысының дәлелдемесі.
Республикалық адвокаттар алқасы Алматы облысының адвокаттарына қазақстандық заң мамандығының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.
Жаңа кеңсе барлық заманауи талаптар мен стандарттарды ескере отырып салынған, бұл адвокатардың өңірдегі тұрғындарға жайлы жағдайда сапалы көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Алматы облыстық алқасының барлық адвокатардың осы маңызды оқиғамен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тілейміз!