home-img Медиа Республикалық адвокаттар алқасы жаңалықтары Түркі тілдес және туысқан елдердің адвокаттары бірігуде

Түркі тілдес және туысқан елдердің адвокаттары бірігуде

Түркі тілдес және туысқан елдердің адвокаттары бірігуде
23.05.2024

Бүгін Түркияның Анкара қаласында түркітілдес және туыстас елдердің адвокаттар алқаларының өкілдері бас қосып, Түркі мемлекеттері адвокаттар одағын құру туралы ұжымдық пікірін білдірді.

Еске салайық, Түркия адвокаттар алқалары одағы (UTBA) мен Әзірбайжан адвокаттар алқасы (ABA) түркітілдес мемлекеттерінің ортақ құндылықтарын, мәдени мұрасы мен құқықтық дәстүрлерін қолдау мақсатында Түркітілдес мемлекеттер адвокаттарының одағын құру туралы ұсыныс жасаған болатын. 

Конференцияға Әзірбайжан, Қырғызстан, Солтүстік Кипр, Өзбекстан және Түрікменстаннан адвокаттар келді. Қазақстандық делегацияның құрамында РАА төрағасы Айдын Бикебаев, РАА Төралқа мүшелері Алмас Демесінов пен Мейірбек Даубалаев, сондай-ақ РАА Адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының төрағасы Тайыр Назханов болатын.

Екі күнге созылатын конференция барысында Түркияның Әділет министрімен, Жоғарғы кассациялық сот, Конституциялық сот және Мемлекеттік кеңес басшылығымен кездесу күтілуде.

Конференцияға қатысушылар өзара қызығушылық тудыратын және одан әрі ынтымақтастық мәселелері бойынша пікір алмасады.

 

РАА төрағасының құттықтау сөзі (сілтеме)