Қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасы адвокатура күнін кәсіби мереке деп белгілеу қажеттілігін бекітті. Республикалық адвокаттар алқасы бұл мерекенің күнін 5 желтоқсанда белгілеуді ұсынды. 1997 жылдың осы күні егемен Қазақстан тарихында алғаш рет Қазақстандағы адвокаттық қызметтің негіздерін реттейтін Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет туралы» Заңы қабылданды.
Адвокаттар күнін мерекелеу Қазақстанның қазіргі заң жүйесіндегі тәуелсіз адвокатураның маңыздылығын айқындайтынын түсіне отырып, Республикалық адвокаттар алқасы Әділет министрлігі және басқа мемлекеттік органдарымен жыл бойы осы бағытта белсенді жұмыс жүргізді. Нәтижесінде, Әділет министрі АЗАМАТ ЕСҚАРАЕВТЫҢ қолдауының арқасында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен белгіленген ресми кәсіби мерекелер тізбесіне адвокаттар алқасы күні енді.
Республикалық адвокаттар алқасы еліміздің барлық адвокаттарын кәсіби мерекелерімен құттықтайды, бұл қазақстандық патриоттық пен кәсіби мақтаныш сезімін тәрбиелеуге оң ықпал ететіні сөзсіз!