Республикалық адвокаттар алқа
төралқасымен
2016 жылғы 11 наурыза мақұлданған
Адвокаттардың партисипативті процедураны жүргізуі жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар
АСТАНА қаласы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
2016 жыл
МАЗМҰНЫ
Кіріспе бөлім.
Бөлім 1. Жалпы ережелер
Параграф 1. Партисипативті процедураның қолданылу саласы
Параграф 2. Адвокаттардың партисипативті процедураны жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда қолданылатын негізгі ұғымдар.
Параграф 3. Партисипативті процедура мақсаттары
Параграф 4. Партисипативті процедураны жүргізу қағидаттары
Параграф 5. Еріктілік
Параграф 6. Партисипативті процедура тараптарының бірдей құқықтылығы
Параграф 7. Партисипативті процедураға араласуға жол бермеушілік
Параграф 8. Партисипативті процедура аясындағы келіссөздердегі адвокаттардың құқықтары мен міндеттері
Параграф 8. Партисипативті процедура аясындағы келіссөздердегі адвокаттардың құқықтары мен міндеттері
Параграф 9. Партисипативті процедура тараптарының құқықтары мен міндеттері
Бөлім 2. Партисипативті процедураны жүргізу
Параграф 10. Партисипативті процедураны жүргізу тәртібі.
Параграф 11. Партисипативті процедураны жүргізу орны және уақыты.
Параграф 12. Партисипативті процедураны жүргізу тілі
Параграф 13. Партисипативті процедураны жүргізу шарттары
Параграф 14. Адвокатпен бірге партисипативті процедураны жүргізу туралы келісімшарттың нысаны және мазмұны
Параграф 15. Партисипативті процедураларды жүргізумен байланысты шығындар
Параграф 16. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге құқықтық қарым-қатынастар аясында партисипативті процедураны жүргізу ерекшеліктері
Параграф 17. Отбасылық қарым-қатынастар аясындағы партисипативті процедураны жүргізу ерекшеліктері
Параграф 18. Партисипативті процедураны тоқтату
Параграф 19. Партисипативті процедурада қол жеткізілген азаматтық-құқықтық дауды реттеу туралы келісім.
Бөлім 3. Қорытынды ережелер
Параграф 20. Партисипативті процедураны жүргізу бойынша адвокаттардың біліктілігін жоғарылату тәртібі.
Параграф 21. Партисипативті процедураны жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды әрекетке енгізу тәртібі.
Адвокаттармен партисипативті процедураны жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстар.
Бұл әдістемелік ұсыныстар азаматтық үрдіс аясында адвокаттармен партисипативті процедураны ұйымдастыру және жүргізу саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарда, сонымен бірге Қазақстан Республикасындағы дауларды реттеу бойынша балама әдіс ретінде қолданылады, оның қағидаттарын және процедураның өзінің жүргізілу әдіснамасын айқындайды.
Бөлім 1. Жалпы ережелер
Параграф 1. Партисипативті процедураның қолданылу саласы
Параграф 2. Адвокаттардың партисипативті процедураны жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарда қолданылатын негізгі ұғымдар
Бұл әдістемелік ұсыныстарда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) партисипативті процедура – бұл келесілерді өзара тиімті келісімге қол жеткізу мақсттарында соттың қатысуынсыз, тараптардың адвокаттарының міндетті қатысуыммен тараптар арасындағы дауды реттейтін және тараптардың ерікті келісімі бойынша іске асырылатын келіссөздік үрдіс;
2) партисипативті процедура тараптары – бұл партисипативті процедураға қатысатын, осы Ұсыныстардың 1-бабы, 1-тармағында көрсетілген қарым-қатынастар субъектілері;
3) білікті заң жәрдеміне жүгінген тұлға мен адвокат келісімшарты (тараптардың тапсырма келісімшарттары) – бұл білікті заң жәрдемін көрсету, оның ішінде партисипативті процедура басталғанға дейін дауды реттеуге қатысты мақсаттарда адвокатпен (адвокаттармен) бекітілетін тараптардың әрқайсысының жазбаша келісімі;
4) партисипативті процедура қатысушылары – бұл азаматтық іс немесе азаматтық-құқықтық дау бойынша тараптар және олардың адвокаттары;
5) партисипативті процедура аясындағы дауды реттеу туралы келісім – соттың қатысуынсыз, тараптардың адвокаттарының қатысуыммен келіссөздер нәтижесінде олармен қол жеткізілген, тараптардың жазбаша келісімі;
6) партисипативті процедура аясында бекітілген келісімдерді бекіту туралы анықтама, – бұл Қазақстан Республикасының Азаматтық іс-жүргізу Кодексінің ережелеріне сәйкес, азаматтық істегі тараптардың өтінімі бойынша адвокаттардың процедураларды аяқтағаннан кейін сотпен енгізілуі мүмкін сот акті.
Параграф 3. Партисипативті процедура мақсаттары
Партисипативті процедура мақсаттары болып табылады:
Параграф 4. Партисипативті процедураны жүргізу қағидаттары
Партисипативті процедура келесі қағидаттар негізінде адвокаттармен жүргізіледі:
1) тараптардың қатысу еріктілігі;
2) келіссөздерде тарапетардың тең құқықтылығы;
3) партисипативті процедураға араласуға жол бермеушілік;
4) өзінің сенім артушысы мүдделерінде әрекет ететін, партисипативті процедура аясында келіссөздер жүргізілетін қатысумен адвокат әрекеттерінің заңдылығы.
Параграф 5. Еріктілік
Параграф 6. Партисипативті процедура тараптарының бірдей құқықтылығы
Партисипативті процедура тараптары адвокаттарды, ондағы өз ұстанымдарын, оны қорғау құралдары мен тәсілдерін таңдау кезінде, ақпаратты алу кезінде, даулы реттеу туралы келісім шарттарының тиімділігін бағалауда тең құқықтарды қолданады және бірдей міндеттерге ие болады.
Параграф 7. Партисипативті процедураға араласуға жол бермеушілік
Параграф 8. Партисипативті процедура аясындағы келіссөздердегі адвокаттардың құқықтары мен міндеттері
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған шектеулерде дау мәніне қатысты ақпаратты жинауға;
2) партисипативті процедура барысында барлық тараптармен біруақытта секілді, тараптардың әрқайсысымен жеке кездесулер жүргізуге және оларға дауды шешу жөніндегі ауызша және жазбаша ұсыныстар мен дәлелдемелерді ұсынуға;
3) адвокаттық құпияны қадағалай отырып, партисипативті процедуралар бойынша өзінің адвокаттық қызметін жүзеге асыру туралы қоғамды ақпараттандыруға.
1) партисипативті процедура аясында келіссөздерді жүргізу кезінде даудағы тараптар ретінде өзінің сенім артушысының келісімімен ғана әрекет етуге;
2) партисипативті процедура басталғанға дейін сенім артушыға оның мақсаттарын, дауды реттеу жөніндегі келісім қорытындыларының құқықтық салдарларын, сонымен бірге оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Параграф 9. Партисипативті процедура тараптарының құқықтары мен міндеттері
1) өзінің білгенінше онда қатысу үшін адвокатты (адвокаттарды) ерікті таңдауға;
2) процедураға қатысатын адвокаттан (адвокаттардан) бас тартуға;
3) партисипативті процедура келіссөздерінің кез-келген сәтінде оған қатысудан бас тартуға;
4) партисипативті процедураны жүргізуге жеке немесе құзіреттіліктері заңмен бекітілген тәртіпте рәсімделген, сенімхаттарға негізделген өкілдері арқылы қатысуға;
5) дауды реттеу туралы келісімдердің орындалмауы немесе тиісті түрдегідей емес орындалуы жағдайында партисипативті процедура тәртібінде өндірісінде іс бар және осыған байланысты партисипативті процедура жүзеге асырылған сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте еріксіз орындау туралы өтінішімен жүгінуге.
Бөлім 2. Партисипативті процедураны жүргізу
Параграф 10. Партисипативті процедураны жүргізу тәртібі.
Параграф 11. Партисипативті процедураны жүргізу орны және уақыты.
Параграф 12. Партисипативті процедураны жүргізу тілі
Параграф 13. Партисипативті процедураны жүргізу шарттары
Егер адвокаттардың қатысуыммен партисипативті процедура азаматық үрдістің аяларынан тыс жүзеге асырылса, тараптар және олардың адвокаттары аталмыш процедура отыз күнтізбелік күннен артық емес мерзімде жүзеге асырылуы тиіс болатындай етіп барлық мүмкін іс-шараларды жүзеге асыру қажет. Кейбір айрықша жағдайларда шешілетін даудың күрделігіне байланысты қосымша ақпаратты немесе құжаттарды алу қажеттілігімен партисипативті процедураның мерзімі дау тараптарының келісімі бойынша, алайда отыз күнтізбелік күннен асырмастан жүзеге асырылуы мүмкін.
Параграф 14. Адвокатпен бірге партисипативті процедураны жүргізу туралы келісімшарттың нысаны және мазмұны
1) партисипативті процедураларды жүргізу туралы келісімшартты құру күні, уақыты және орны;
2) дауа тараптарының атауы, уәкілеттіліктері көрсетілген олардың өкілдерінің тектері және бас әріптері, қызметтері;
3) дау мәні;
4) келіссөздерді жүргізу үшін таңдалынып алынған (таңдалған) адвокат (немесе адвокаттар) туралы мәліметтер;
5) партисипативті процедураларды жүргізумен байланысты шығындардың шарттары, тәртібі және көлемі;
6) партисипативті процедураларды жүргізу тілі;
7) тараптардың міндеттемесі және мұндай міндеттемені орындамау салдарлары;
8) партисипативті процедуралар аясында дауды реттеуге қатысатын адвокаттың жауапкершілік көлемі және негіздемелері; келіссөздер тараптары үшін шығындарға (залалдарға) алып келген әрекет (әрекетсіздігі) үшін;
9) тараптардың деректемелері (жеке басты куәландыратын деректер, тұрғын орны, байланыс телефондары);
10) партисипативті процедураларды жүргізу мерзімі;
11) партисипативті процедураларды жүргізу тәртібі;
Параграф 15. Партисипативті процедураларды жүргізумен байланысты шығындар
1) адвокаттың сыйақысы (гонорары);
2) партисипативті процедураны жүргізумен байланысты адвокатқа келтірілген шығындар, оның ішінде дауды реттеу келіссөздерін жүргізуді қарастыру орнына жол жүру төлеміне, мекендеуге және тамақтануға (іссапарлық) кететін шығындар және өкілдік шығындар;
3) мамандардың, сарапшылардың, бағалаушылардың қорытындыларының төлеміне кететін шығындар, яғни партисипативті процедураларға келіссөздер үшін ақпараттарды жинау мақсаттарында тарап көтерген шығындар.
Параграф 16. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге құқықтық қарым-қатынастар аясында партисипативті процедураны жүргізу ерекшеліктері
1) дауды реттеу жағдайында – қол қою күнінде партисипативті дау аясында дауды реттеу туралы жазбаша келісім;
2) өзге жағдайларда – тараптар партисипативті процедураны бұдан әрі жүргізуден бас тартқан күнінде тараптар арасындағы келісімді бекіту мүмкінсіздігіне байланысты мәні бойынша істі қарастыру күнінің тағайындалуы туралы жазбаша өтінім.
Параграф 17. Отбасылық қарым-қатынастар аясындағы партисипативті процедураны жүргізу ерекшеліктері
Параграф 18. Партисипативті процедураны тоқтату
Партисипативті процедурадағы келіссөздер келесі жағдайларда тоқтатылады:
1) тараптардың дауды реттеу туралы келісімге қол қоюы – мұндай келісімге қол қойылған күннен бастап;
2) партисипативті процедурада келіссөздер арқылы дауды шешу мүмкіндігін шектейтін жағдайларды адвокатпен айқындауы;
3) келіссөздер арқылы дауды шешу мүмкінсіздігімен байланысты партисипативті процедурадан тараптардың жазбаша бас тартуы – мән бойынша істі тыңдауға тағайындалуы туралы өтініммен сотқа жүгіну күнінен бастап;
4) партисипативті процедураны жалғасырудан тараптардың бірінің жазбаша бас тартуы – тарап адвокатының екінші тараптың қатысуынан жазбаша бас тартуды жөнелткен күннен бастап;
5) партисипативті процедураның жүргізілу мерзімінің аяқталуы – осы Ұсыныстардың 13 Параграфы 6 және 9-тармақтарының ережелерін ескере отырып, оның аяқталу күнінен бастап.
Параграф 19. Партисипативті процедурада қол жеткізілген азаматтық-құқықтық дауды реттеу туралы келісім.
Бірінші, апелляциялық және кассациялық инстанциялық соттармен бекітілген партисипативті процедура тәртібінде дауды реттеу туралы келісімді тараптардың бекітуі кезінде талапкерге бюджеттен Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу және Салық (бюджетке міндетті төлемдер туралы) Кодекстерімен бекітілген тәртіпте төленген мемлекеттік баж қайтарылады.
Бөлім 3. Қорытынды ережелер
Параграф 20. Партисипативті процедураны жүргізу бойынша адвокаттардың біліктілігін арттыру тәртібі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексімен қарастырылған партисипативті процедураны жүргізуге адвокаттардың экклюзивті құқығын, партисипативті процедураны жүргізу жөніндегі сәйкес даярлықты өту туралы құжатты (сертификатты) бере отырып, адвокаттардың кәсіби даярлығы мен біліктілігінің жоғарылауын ескере отырып, келесілерді жүргізуге тек адвокаттар бірлестігінің мекемелері құқылы: адвокаттар алқалары (оның ішінде машықтандыру және біліктілікті жоғарылату орталықтары, заң кеңестері) және адвокаттық кеңселер.
Параграф 21. Партисипативті процедураны жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсыныстарды әрекетке енгізу тәртібі.
Партисипативті процедураны жүргізу жөніндегі осы әдістемелік нұсқаулар Республикалық алқа Президиумымен олардың бекітілу сәтінен бастап күшіне енеді