home-img РАА Құжаттар Алқа құжаттары Мониторинг нәтижелері бойынша алқалар адвокаттары қызметтерінің орташа құны туралы (қызмет түрлері бойынша)

Мониторинг нәтижелері бойынша алқалар адвокаттары қызметтерінің орташа құны туралы (қызмет түрлері бойынша)

Бекітілді

Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы

05 мамыр 2025 жыл

Мониторинг нәтижелері бойынша алқалар адвокаттары қызметтерінің орташа құны туралы (қызмет түрлері бойынша)

 

Адвокат көрсеткен заң көмегінің түрі

Орташа сома (теңге)

1.

Құқықтық мәселелер бойынша ауызша нысанда консультация мен анықтама

1 сағатқа 10 000-нан бастап

2.

Құқықтық мәселелер бойынша жазбаша нысанда консультация мен анықтама

1 сағатқа 20 000-нан бастап

3.

Арыз, шағым, өтінішхат пен құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау

30 000-нан бастап

4.

Азаматтық және әкімшілік сот ісін жүргізуге клиенттің өкілі ретінде қатысу

300 000-нан бастап

5.

Қылмыстық сот ісін жүргізуге клиенттің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысу

350 000-нан бастап

6.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге клиенттің қорғаушысы немесе өкілі ретінде қатысу

250 000-нан бастап

7.

Медиация жүргізу кезінде, төрелікте және дауларды шешетін өзге де органдарда істерді талқылауға клиенттің өкілі ретінде қатысу

100 000-нан бастап

8.

Мемлекеттік органдарда, қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдарда клиенттің мүдделерін білдіру

100 000-нан бастап

9.

Егер шет мемлекеттердің заңнамасында, халықаралық сот органдарының және өзге де халықаралық ұйымдардың жарғылық құжаттарында немесе ҚР ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, шет мемлекеттердің мемлекеттік органдарында, соттарында және құқық қорғау органдарында, халықаралық сот органдарында, шет мемлекеттердің мемлекеттік емес органдарында клиенттің мүдделерін білдіру

340 000-нан бастап

10.

Атқарушылық ісін жүргізуге, сондай-ақ қылмыстық жазаны орындау кезінде клиенттің өкілі ретінде қатысу

130 000-нан бастап

11.

Татуластыру рәсімдерін жүргізу

95 000-нан бастап

12.

Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де заң көмегі

90 000-нан бастап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ескерту:

Адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және татуластыру рәсімдерін жүргізуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшері адвокаттың көмек сұрап өтініш жасаған тұлғамен жазбаша шартында белгіленеді.

Бұл ретте, мұндай төлемнің мөлшері әр іс бойынша жекеше нақты жағдайлар мен қойылған міндеттерге байланысты белгіленеді:

- iстiң күрделiлiгi мен санаты, мәлiмделген талаптардың көлемi, процестік құжаттарды дайындауға қажет уақыт, iстi қараудың ұзақтығы және басқа да мән-жайлар;

– төлем тәртібі (келісімшарт бойынша барлық мерзіміне тұрақты төлем, ай сайынғы, сағат сайынғы немесе т.б.);

– адвокат іске қай кезден бастап кіріскені, қандай сатыларда (сотқа дейінгі, сот кезінде), соттардың қай сатыларында адвокат қатысуы қажеттілігі;

– белгілі бір адвокаттың біліктілігі, тәжірибесі, танымалдығы;

– қызмет көрсету аймағы (үлкен қала, ауылдық жер және т.б.);

– басқа да жағдайлар (сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, бәсекелестік, инфляциялық процестер және т.б.).

Мониторинг нәтижелері бойынша алқалар адвокаттары қызметтерінің орташа құны туралы (қызмет түрлері бойынша) ұсынылған деректер адвокаттар қызметінің нақты ақы құнын көрсетпейді, өйткені мұндай ақы әрбір іс бойынша жоғарыда көрсетілгендей нақты жағдайлар мен қойылған міндеттерге байланысты жекеше анықталады.

 

 

 

 

Мониторинг нәтижелері бойынша алқалар адвокаттары қызметтерінің орташа құны туралы (қызмет түрлері бойынша)