home-img РАА Құжаттар Алқа құжаттары АДВОКАТТЫҚ САУАЛДЫ РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ЖОЛДАУ ТӘРТІБІ

АДВОКАТТЫҚ САУАЛДЫ РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ЖОЛДАУ ТӘРТІБІ

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

2018 жылғы 23 қараша

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы

 2018 жылғы 23 қараша

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

2022 жылғы 21 қараша

БЕКІТІЛДІ

Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы

2022 жылғы 11 шілде

 

 

 

Адвокаттық сауалды ресімдеу және жолдау
ТӘРТІБІ

(2022 жылғы 11 шілдедегі өзгерістер және толықтырулармен)

 

1. Осы ереже «Адвокаттық қызмет және заң қызметі туралы»                       Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 68-бабының 3-тармағының 18-8)-тармақшасына сәйкес әзірленіп, адвокаттық сауал нысанын, оны ресімдеу және жолдау тәртібін белгілейді.
1-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2022 жылғы 11 шілдедегі шешімімен (№15 хаттама) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен баяндалған.

2. Адвокаттық сұрау салу осы Тәртіптің 1-қосымшасына сәйкес қағаз және/немесе электрондық форматта ресімделеді. Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесін пайдаланған кезде адвокаттық сұрау ақпараттық жүйеде белгіленген нысанға сәйкес ресімделеді.
2-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2022 жылғы 11 шілдедегі шешімімен (№15 хаттама) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен баяндалған.

3. Электронды форматтағы адвокаттық сауал, сондай-ақ электронды құжат айналымға қойылатын талаптарға сай болып, электронды цифрлік қолтаңбаны қолдана отырып әзірленуі тиісті.

4. Қағаз және/немесе электрондық форматта әзірленетін адвокаттық  сауал келесіні қамтиды:
1) адвокаттық  сауалды алатын тұлғаның атауы (аты) және пошталық мекен-жайын;
2)  адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), адвокат мүше болып табылатын аумақтық алқаның атауы, адвокаттың пошталық мекен-жайы мен телефон нөмірін;
3) сауалдар тізіліміндегі адвокаттық сауалдың нөмірі мен тіркелген күнін;
4) заңды көмек көрсетуге қажетті мәліметтер, ақпараттар немесе сарапшылардың қорытындылары мен басқа да құжаттар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сұралған мәліметтерге жауап беру мерзімін;
6) сұратылатын мәліметтерді беру тәсілін (қолма-қол тапсыру, пошта байланысы арқылы, электронды пошта немесе өзге де тәсілін);
7) адвокаттың тегі мен инициалдары және оның қолы;
8) келесі мазмұндағы ескертпе: «Адвокаттың заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі туғызғандығы үшін тұлға, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 668-бабына және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 435-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жауапкершілікке тартылады»;
9) қорғау (өкілдік ету) туралы тиісті жазбаша хабарлама және адвокат куәлігінің көшірмесі түріндегі қосымшалар.
4-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2022 жылғы 11 шілдедегі шешімімен (№15 хаттама) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен баяндалған.

5. Қағаз және/немесе электрондық форматта адвокаттық сауал келесі мәліметтерді қамтуы  мүмкін:
1) адвокаттың өз қалауы бойынша сауалға қоса беретін құжаттар тізімі;
2) Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2022 жылғы 11 шілдедегі шешімімен (№15 хаттама) алынып тасталды;
3) адвокаттың сауалға қоса берілуі немесе көрсетілуі қажет деп санайтын өзге де құжаттар және мәліметтер.

6. Қағаз бетінде әзірленген адвокаттық сауал, алушы тұлғаға пошта байланысы арқылы немесе қолма-қол тұлғаның өзіне, өкілі арқылы немесе өзге де тәсілдерді қолдана отырып жолдануы мүмкін. 
6-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2022 жылғы 11 шілдедегі шешімімен (№15 хаттама) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен баяндалған.

7. Электронды форматта әзірленген адвокаттық сауал, алушы тұлғаға заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесімен көзделген тәртіпте немесе басқа да тәсілдерді қолданып жолданады.

8. Қағаз және/немесе электрондық форматта әзірленген адвокаттық сауал қағаз және/немесе электрондық форматта адвокаттық сауалдар тізілімінің 2-қосымшасына сәйкес тіркеледі.
Қағаз және/немесе электрондық форматта адвокаттық сауалдар тізілімін, тиісті адвокаттық контора немесе адвокаттық қызметті жеке өзі немесе заң консультациясы арқылы жүзеге асыратын адвокаттар жеке өзі немесе бірнеше адвокаттар бірлесіп келісуі бойынша жүргізеді.
8-тармақ Республикалық адвокаттар алқасы төралқасының 2022 жылғы 11 шілдедегі шешімімен (№15 хаттама) енгізілген өзгерістер және толықтырулармен баяндалған.

 

         1-қосымша 
нысан

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі

2018 жылғы 23 қараша

БЕКІТІЛДІ

Адвокаттар алқаларының республикалық конференциясы

 2018 жылғы 23 қараша

 

                                                                                                             _______________________
(адвокаттық сауалды алатын тұлғаның атауы және пошталық мекен-жайы жазылады)

 

 Адвокат________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

_______________________________(адвокат мүше ретінде қызмет ететін аумақтық алқаның атауы, қызметтік үй-жайдың пошталық мекен-жайы және адвокаттың телефон нөмірі)

 

 

           

 

 

 

 

 

 

АДВОКАТТЫҚ САУАЛ

№____ «___» _________ 20___ жыл
(сауалдың нөмірі және сауалды адвокаттық сауалдар тізілімінде тіркеу күні)

 

«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 3-тармағының 2),3),6) тармақшаларына сәйкес  қабылданған тапсырма бойынша білікті заң көмегін көрсету мақсатында келесі ақпаратты ұсынуыңызды сұраймын:  

_________________________
(сұратылатын мәліметтер, ақпарат немесе құжаттар, сарапшының, маманның қорытындысы және заң көмегін көрсету үшін қажетті өзге де құжаттар)

 

Мәліметтерді ______________
(жауапты қандай мерзімде беру керектігі жазылады және жауапты беру нысаны көрсетіледі)
дейін ұсынуыңызды сұраймын.

 

Адвокат      _________________
 (қолы, Т.А.Ә.)

Ескертпе:
Адвокаттың заңды қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 668-бабында және Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 435-бабында көзделген жауапкершілікке әкеп соғады.

 

2-қосымша
нысан

 

КЕЛІСІЛДІ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі

2022 жылғы _____________

БЕКІТІЛДІ

Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы

2022 жылғы 11 шілде

 

 

Қағаз және/немесе электрондық форматтағы адвокаттық сауалдар
ТІЗІЛІМІ

 

Сауалдың нөмірі

Сауалды жолдау күні

Жолданым иесі

Адвокаттың қарауынша сауалдың мәні (қысқаша сипаттамасы)

1

2

3

4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АДВОКАТТЫҚ САУАЛДЫ РЕСІМДЕУ ЖӘНЕ ЖОЛДАУ ТӘРТІБІ