ЖОҒАРҒЫ СОТ ТӨРАҒАСЫМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов пен Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаевтың жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері, сот жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер, сондай-ақ адвокаттық қоғамдастықтың сот жүйесімен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Кездесуде адвокаттар мен судьялар миссиясының ортақтығы — құқық пен заңға қызмет ету, мамандықтарды жақындастыру, сот жүйесі мен адвокатурадағы одан әрі оң өзгерістерге ықпал ететін шараларды талқылау және іздеу мақсатында адвокаттарды судьялар қатарына неғұрлым белсенді тарту қажеттігі атап өтілді.

Сондай-ақ, сот процесінде тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығын арттыру жөніндегі шаралар, соттардың сот өкілдеріне арналған өкілдік шығыстарды толық өтемеу практикасына өзгертулер енгізу, судьялар мен адвокаттардың мәртебесін арттыру, ғимаратта адвокаттарға арналған жекелеген кабинеттерді ұсыну бойынша ұсыныстар тілге тиек болды.

Талқылау қорытындысы бойынша бірлескен жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Кездесу аяқталғаннан кейін РАА төрағасы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысына қатысты.

РКА баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: