ЖОҒАРҒЫ СОТ ПЕН РАА ОРТАҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУ ҮШІН КҮШ БІРІКТІРЕДІ

ҚР Жоғарғы Соты мен Республикалық адвокаттар алқасының тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобы құрылды.

Бірлескен бұйрық ҚР Жоғарғы Соты мен Республикалық адвокаттар алқасы басшыларының кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтар нәтижесінде жүзеге асырылды.

Жұмыс тобын құрудың негізгі мақсаты — қорғаушылар мен өкілдердің іс жүргізу өкілеттіктерін тиімді іске асыру үшін сот жүйесін, сот ісін жүргізуді және адвокаттық қызметті одан әрі жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

Бірлескен жұмыс тобының құрамына 21 адам, оның ішінде ҚР ЖС жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің жеті өкілі кірді. Адвокатура атынан 14 адвокат тізімге енгізілді.

Жұмыс тобының тең төрағалары жұмыс тобы отырыстарының күн тәртібі бойынша сот ісін жүргізуге байланысты туындайтын проблемаларды және процеске қатысушылардың қажеттіліктерін талдау негізінде пайда болатын ұсыныстарын енгізеді. Сот практикасының нақты мәселелері бойынша ұсынымдарды талқылау және әзірлеу үшін ҚР ЖС сот алқаларымен келісу бойынша жұмыс тобының отырыстарына судьялар шақырылатын болады.

Бұйрықты жүктеу

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: