Адвокаттардың назарына!
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы (бұдан әрі — жоба) бойынша жұмыс жалғасуда.
Алдағы уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде Жобаны талқылауға арналған іс-шаралар өтеді деп күтілуде.
Аталған заң жобасы қылмыстық процестегі адвокаттардың өкілеттіктеріне қатысты, сондай-ақ адвокаттар практикасындағы басқа да сұрақтарды қозғайды.
Осыған байланысты адвокаттардан жобаны зерделеп, ұсыныстар мен ескертулерді Республикалық адвокаттар алқасының office@advokatura.kz электрондық поштасына жіберуді сұраймыз.
Жүктеу:
РАA баспасөз қызметі