ВЕБИНАР: «ӘРПК ҚОЛДАНУДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ»

Республикалық адвокаттар алқасы Жоғарғы сот пен Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттарды тағылымдамадан өткізу және олардың біліктілігін арттыру орталығымен бірлесіп, «Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексті қолданудың практикалық мәселелері» тақырыбында вебинар ұйымдастырады.

Вебинар ZOOM платформасында 2022 жылғы 02 сәуірде Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 10:30-да өтеді. Онлайн семинардың дәріскерлері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшіліктік алқасының төрағасы Аслан Сұлтанұлы Түкиев және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Александр Владимирович Каплан болады.

Вебинарға қатысу үшін электрондық пошта мекенжайын көрсете отырып, сілтеме бойынша өтіп, тіркеу нысанындағы деректерді толтыру қажет (кейінірек спам және тарату қалталарын тексеру қажет). Қосылу үшін сілтемені электрондық пошта арқылы алғаннан кейін, ZOOM платформасындағы сабаққа белгіленген уақытта қосылу керек.

Вебинар тақырыбы аясында дәріскерлерге арналған барлық сұрақтар 2022 жылдың 31 наурызына дейін Fedayeva@bk.ru электрондық мекен-жайына жіберілуі керек.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Тағылымдама және біліктілікті арттыру орталығының әкімшісі Сәбит Ұлпан Сағынайқызына мына телефон номері бойынша хабарласуға болады: 8 708 678 26 96.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: