ТАЛҚЫЛАУ СЕНАТТА ЖАЛҒАСАДЫ

2017 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  заң жобаларын қарауға енгізді.

Осы сәттен бастап Жұмыс тобының 50 отырысы өткізілді, онда республикалық адвокаттар алқасының өкілдері, сондай-ақ аумақтық алқа адвокаттары қатысты.

РАА өкілдері адвокаттық қоғамдастықтың келесідей негізгі принциптік позицияларды депутаттарыға жеткізді:

1) 2017 жылдың 16 қыркүйек Ақтау қаласында РАА Төралқасы бекіткен Республикалық адвокаттар алқасының Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының жобасы және ілеспе жоба туралы ресми ұстанымын;

2) 2017 жылдың 14 қазанында (Астана қ.) аумақтық адвокаттар алқалары делегаттарының Республикалық конференциясының шешімдерін;

3) Республикалық адвокаттар алқасы жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңесі әзірлеген заң жобасына салыстырмалы мақала-кестені.

Адвокаттық қауымдастықтың өтініштері нәтижесінде халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың қорытындылары келіп түсті:

  1. Халықаралық адвокаттар Одағының (Достастықтың) қорытындысы.
  2. Халықаралық заңгерлер комиссиясының үндеуі.
  3. Еуропа Кеңесі сарапшысының сараптамалық қорытындысы.
  4. Халықаралық адвокаттар қауымдастығының (IBA) жобаға сараптамалық талдауы.
  5. Судьялар мен адвокаттардың тәуелсіздігі сұрақтары бойынша БҰҰ Арнайы баяндамашысының үндеуі.
  6. ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары бюросының (ДИАҚБ) қорытындысы.

Барлық аталған қорытындылар ұсынылған заң жобасын әртүрлі дәрежеде сынға ұшыратты, сонымен бірге адвокаттық қауымдастықтың халықаралық стандарттарына қайшы келетін адвокаттық қызметтің іргелі принциптеріне қатысты алаңдаушылығын бөліседі.

Қорытындылар мәтіндері Мәжіліс депутаттарына ұсынылды.

Анкарада өткен ТҮРК-АВ (Түркітілдес мемлекеттердің адвокаттар қауымдастығы) Бас Ассамблеясында  талқылауда барысында жеке мәселе ретінде біздің  «Адвокаттық қызмет және заң көмегін көрсету туралы» заң жобасының тақырыбы болды.

Бұрын бұл заң жобасы Ассоциация Кеңесі мүшелерімен талқыланған, оның құрамына 17 мемлекеттің — Түркия, Әзірбайжан, Албания, Ресей, Молдова, Қырғызстан, Моңғолия, Босния, Татарстан және басқа да адвокаттық қауымдастықтың өкілдері кіреді.

Осыдан кейін, ҚР Әділет министрлігіне жазбаша түрде хабарласып, Қауымдастықтың басқармасы жобаның бірнеше пунктіне алаңдаушылығын білдірді.

Республикалық адвокаттар алқасы ҚР Парламент Мәжілісінде БҰҰ және ЕҚЫҰ өкілдерінің баяндамаларын ұйымдастырды, онда аталған өкілдер депутаттарды осы ұйымдардың сарапшыларының қорытындыларымен таныстырды.

2018 жылдың 28 наурызында Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында өткен жобаның бірінші оқылымында жобаның негізгі тұжырымдамалық ережелері бекітілді.

Жұмыс тобында түзетулер бойынша жұмыс жалғастырылды.

2018 жылдың 5 маусымында Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында заң жобасы мақұлданды.

Заң жобасын Мәжіліс депутаттары 80 пайызға қайта қарастырды. Көптеген нормалар тұжырымдамада баяндалған, бұл оларды түсіну мен қолдануды жеңілдетеді.

Жоба бойынша жұмыс барысында адвокаттық контора мәртебесін дамыту, адвокаттардың біліктілігін арттыру және кешенді әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша біздің тілектеріміз толығымен ескерілді.

Депутаттар енгізген бірқатар түзетулер адвокаттар қауымдастығының айтқан қайшылықтарын қозғады.

Мемлекеттік адвокатура құру мүмкіндігін жоққа шығаратын түзету қабылданды.

Әділет министрлігінің өкілдері тәртіптік комиссия құрамынан шығарылды.

Республикалық адвокаттар алқасын тексеру мен адвокатура қызметіне мемлекеттік бақылау алынып тасталды.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасын  алқа төрағаларының шешімі және соның ішінен  тағайындаудың демократиялық емес тәртібі конференциямен өзгертілді.

Адвокаттық қызметтің кепілдіктерінің тізімі кеңейтілді.

Кепiлдiң (ордердің) орнына адвокаттың iске қатысуға өкiлеттiгiн растайтын құжаттың нысаны енгiзiледi — қорғауға (өкiлдiкке) жазбаша хабарлама енгiзiледi, бұл iс үшiн кедергiсiз келудi қамтамасыз етедi және рұқсат беру рәсiмiн алып тастайды.

Заң көмегін төлеу үшін ұсынылатын тарифтік шкала нормасы алынып тасталды.

Өкінішке орай, жұмыс тобының депуттарымен енгізілген басқа жағымды түзетулер, яғни негізгі  принциптік мәселелер өз шешімін таппады.

Заң жобасы бойынша іргелі келіспеушіліктермен жұмысты Парламент Сенатында қарау барысында Республикалық адвокаттар алқасы өз жұмысын жалғастырады.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: