Сот-сараптама институты мен адвокатттық қызмет саласындағы ынтымақтастық

Алматыда «Сот сараптамасы саласындағы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің серіктестік келешегі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің сот сарапшылары, Орталықтың әріптес-мемлекеттері, Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнайы органдарының өкілдері, адвокаттар, нотариустар, ғалымдар мен сот сараптамасы саласындағы тәжірибешілер қатысты.

Іс-шараның мақсаты — тәжірибе алмасу және сот сараптамасы саласындағы ШЫҰ-ға мүше елдердің ынтымақтастығы мәселелерін талқылау, сот-сараптама қызметінің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары.

 

Конференция аясында ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Республикалық адвокаттар алқасы мен Сот сараптамасы орталығы арасында «сот-сараптамалық және адвокаттық қызмет саласындағы ынтымақтастық туралы»  меморандумға қол қойылды, оның мақсаты Қазақстан Республикасында сот-сараптамалық және адвокаттық қызметті одан әрі дамыту үшін институционалдық негіздерді құру бойынша бірлескен және келісілген іс-шараларды жүзеге асыру, сот жарыспалығын қамтамасыз ету.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: