РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Республикалық адвокаттар алқасының Президиумы РАА төрағасы өзінің орынбасары ретінде тағайындаған адвокат Игорь Олегович Вранчевтің кандидатурасына келісімін білдірді.

Бүгін Айдын Бикебаев РАА Президиумының онлайн-отырысында Игорь Вранчевтің кандидатурасын РАА төрағасының орынбасары лауазымына ұсынды. Төралқа мүшелері төрағаның шешімін қолдады.

Игорь Олегович Вранчев он жылдан астам уақыттан бері Атырау облыстық адвокаттар алқасының мүшесі. Алқа мүшелігіне қабылданған сәттен бастап Атырау облыстық, сондай-ақ Республикалық адвокаттар алқасы ұйымдастыратын қоғамдық өмірге және іс-шараларға белсенді қатысуда.

Отырыс барысында Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы орынбасарының лауазымдық нұсқаулығының жобасы талқыланды.

Отырысқа қатысушылар жобаға түзетулер енгізу бойынша өз ұсыныстарын жеткізді. РАА төрағасы оларды ескеріп, жұмысқа қабылдады.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: