Республикалық адвокаттар алқасы мен Жоғарғы сот тергеу судьяларының жұмысындағы құқық қолдану практикасының өзекті мәселелерін талқылады

ҚР Жоғарғы сотында «Тергеу судьяларының жұмысындағы құқық қолдану практикасының өзекті мәселелері: күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау және ҚІЖК-нің 106-бабы тәртібінде шағымдарды қарау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашид ЖҮКЕНОВ, ҚР ҚК судьясы Гүлнар МЕРГЕНОВА, Сәкен АБДОЛЛА, Ерден ӘРІПОВ, Назгүл РАХМЕТУЛЛИНА, Абай РАХМЕТУЛИН және республиканың тергеу соттарының судьялары қатысты.

Шараға адвокаттар қауымдастығынан РАА төрағасы А.Бикебаев, РАА төрағасының орынбасары И. Вранчев және бірқатар адвокат С.Ә. Әміртаев, В.В. Ким, С.А. Мусин, А.Б. Мұңайтбасов, А.Н. Тоқаева және А.Б. Құсайынова қатысты.

Адвокаттар тергеу соттарының қызметіндегі бірқатар өзекті мәселелерді тілге тиек етті, олардың ішінде:

1) Күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция беру кезінде соттар ҚІЖК-нің 136-бабында көзделген нақты мән-жайларды зерттемейді, оларды қаулыларда формальды түрде аударумен шектеледі. Көптеген жағдайларда санкция күдіктің ауырлығымен «негізделген». Соттар күдіктің негізділігін тексермейді.

2) Тергеу соттары бірқатар істер бойынша оған негіздер болмаса, кепілді (ҚІЖК-нің 148-бабының 8-бөлігі) не өзге де бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігін айқындамайды;

3) Тергеу соттары күзетпен ұстау мерзімін ұзарту кезінде одан әрі күзетпен ұстау қажеттігін куәландыратын мән-жайларды белгілемейді, оның ішінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастыру қажеттігі туралы дәлелдерінің негізділігі тексерілмейді;

4) ҚІЖК-нің 323-бабының тәртібімен қылмыстық істі прокурорға қайтару кезінде сот белгілеген мерзім өткеннен кейін сотқа дейінгі тергеп-тексеру және күзетпен және үйқамақпен ұстау мерзімін ұзарту.

Адвокатура атынан И.О. Вранчев, РАА ҒКК төрағасы С.А. Әміртаев, адвокаттар В.В. Ким баяндама жасады.

Кездесу қорытындысы бойынша «бұлтартпау шараларын санкциялаудың кейбір мәселелері туралы» Жоғарғы Соттың 2020 жылғы 24 қаңтардағы № 1 нормативтік қаулысына адвокаттардың пікірін ескере отырып, тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігі туралы шешім қабылданды.

Республикалық адвокаттар алқасы сәуір айында адвокаттық қоғамдастықтың ұсыныстарын жинайтын болады және нормативтік қаулы жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобына қатысуды жоспарлайды.

Аталған дөңгелек үстел ҚР Жоғарғы Соты мен Республикалық адвокаттар алқасының басшылары арасында бұрын қол жеткізілген, қорғаушылар мен өкілдердің іс жүргізу өкілеттіктерін тиімді іске асыру мүмкіндігімен сот жүйесін, сот ісін жүргізуді және адвокаттық қызметті одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу жөніндегі уағдаластықтар шеңберінде өткізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Дөңгелек үстелде адвокаттар жасаған баяндамалармен осы жерден таныса аласыз:

В.В.КИМ баяндамасы

И.О.ВРАНЧЕВА баяндамасы

С.А.АМИРТАЕВА баяндамасы

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: