Республикалық адвокаттар алқасы — Кәсіподақтар федерациясы. Ынтымақтастық туралы меморандум

Астанада «Қазіргі әлеуметтік-еңбек қатынастары. Қазақстанның теориясы мен іс-тәжірибиеcі» атты ғылыми-практикалық конференция аясында Республикалық адвокаттар мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы «Қазіргі әлеуметтік-еңбек қатынастары. Қазақстанныі теориясы мен іс тәжірибиесі» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өткізді.

Экономистер, сарапшылар мен қоғам қайраткерлері еңбек қатынастарының өзекті мәселелерін талқылады. Федерация төрағасы Бақытжан Әбдірайымның айтуынша, осындай кездесулер үнемі өткізіліп отырады, олардың негізгі мақсаты кәсіподақтардың жұмысына серпін беру.

Меморандумға Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Ануар Тугел мен Қазақстанның Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым қол қойды.

«Бұл жұмысшыларға көмектесіп қана қоймай, олардың құқықтарын да қорғайды. Сондықтан Республикалық адвокаттар қауымдастығымен бірге біз бәріне көмектесуге дайынбыз. Осы  жұмысқа облыстық соттар да қатысады », — деді Б.Әбдірайым журналистерге берген сұхбатында.

Меморандумның басты мақсаты — әлеуметтік қатынастар жүйесін дамыту, әлеуметтік, еңбек қатынастарының тиімді моделін құру, Қазақстанды әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға бағытталған келісілген іс-шараларды жүзеге асыруда мемлекет, жеке сектор мен әріптестік механизмдері негізінде бірлескен және жүйелі және сындарлы ынтымақтастықты қамтамасыз ету, кәсіподақтар, қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: