РАА ЖОҒАРҒЫ ОРГАНЫ ШАҚЫРЫЛАДЫ

Республикалық адвокаттар алқасының Төралқасы адвокаттар алқаларының республикалық конференциясын 2022 жылғы 15 ақпан күні онлайн-форматта шақыру туралы шешім қабылдады.

Конференцияның басты мақсаты — РАА Төралқасының кейбір РАА басқару органдарының қызметін реттейтін бірқатар құжаттарды бекіту.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 26 қарашасында өткен конференцияның күн тәртібінен оның регламентінің жобасы алынып тасталды, оны адвокаттардың ұсыныстарын ескере отырып пысықтау қажеттігі айтылды.

Бұдан басқа, соңғы конференцияда енгізілген РАА Жарғысына түзетулерді ескере отырып, адвокаттардың кәсіби құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мен ғылыми-консультативтік кеңестің қызметін реттейтін ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.

2022 жылғы 15 ақпанда қабылданады деп жоспарланған құжаттардың жобаларын сапалы және тиімді дайындау мақсатында Төралқа екі айға атқарушы органның отырыстарын шақыру кестесі қарастырылған жұмыс жоспарын бекітті.

Дайындық жұмыстарының барысы туралы ақпарат, сондай-ақ әзірленетін құжаттардың жобалары РАА сайтында жарияланып, аумақтық адвокаттар алқаларына жолданатын болады.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: