РАА ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін онлайн режимде өткен отырыс барысында РАА аппаратының штаттық кестесі бекітілді, бос қаражатты жинақтау үшін депозит ашу мақұлданды, сондай-ақ басқа да бірқатар жұмыс мәселелері қаралды.

Осы жылдың ақпан айында Жоғары орган бекіткен Республикалық адвокаттар алқасының шығыстар сметасының аясында бүгін Төралқа бейіндік Заңның талаптарына сәйкес РАА-ның штат кестесін бекітті, сондай-ақ жинақтарды көбейту мақсатында «Халық банкі» АҚ-да банк салымын ашуды мақұлдады.

Комиссиялардың, кеңестердің, мемлекеттік органдардың жұмыс топтарының құрамына кіретін адвокаттар жұмыс топтарының қызметі қағидаларының жобасына ұсыныстар мен ескертулерді әлі де жинау мақсатында оны қарастыру жұмысы келер отырысқа ауыстырылды.

Біліктілікті арттыру орталығын ашу туралы ұсынысты Төралқа мүшелері тұжырымдамалық түрде қолдады. РАА құрылымдық бөлімшесі ретінде ашылатын аталмыш орталық қызметі демеушілік және гранттарды тарту есебінен қаржыландырылады деп жоспарланып отыр. Түпкілікті шешім РАА төрағасының орынбасары әзірлейтін Орталық туралы ережені талқылағаннан кейін қабылданатын болады.

Келер аптада адвокаттық қызмет саласында туындайтын мәселелер төңірегінде Әділет министрлігі мен Республикалық адвокаттар алқасының бірлескен дөңгелек үстелі өтеді. Онда негізгі баяндамашылар ретінде А.Ж.Бикебаев, И.О.Вранчев және А.Н.Тоқаеваның кандидатуралары қолдау тапты. РАА өкілдері өз сөздерінде бірқатар мәселелерді көтермек. Мәселен, мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегінің жүйесінде адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу, жұмыстан тыс уақыттағы жұмысы үшін төленген жоғары мөлшерлемені қайтару, салық салу тәртібіне өзгерістер енгізу, ұялы телефонмен полиция ғимараттарына еркін кіру және осы тектес басқа да түйткілді мәселелерді қозғайтын болады.

Отырыс барысында сондай–ақ, қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған «Жаңа Қазақстан — Жаңа адвокатура» Тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Адвокаттар әлі де әлеуметтік желілер мен ресми хат негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өз ұсыныстарын жолдауды жалғастыруда. Тұжырымдама жобасын талқылау үшін Төралқаның жеке отырысын өткізу шешімі қабылданды.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: