РАА: АПТА ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Дүйсенбі күні Әділет министрі Қанат Сергеевич Мусин РАА кеңсесіне келді. Кездесу барысында адвокаттардың қызметіне қатысты бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Адвокаттық қоғамдастықпен неғұрлым сындарлы диалог жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдар, сот жүйесі өкілдерінің қатысуымен Әділет министрлігімен бірлескен дөңгелек үстел ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Алдағы іс-шарада сөз сөйлеушілер мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегі жүйесінде адвокаттардың еңбегіне ақы төлеу мөлшерін арттыруға, адвокаттардың жұмыстан тыс уақыттағы жұмысы үшін жоғары мөлшерлемені қайтаруға, салық салу тәртібін өзгертуге, адвокаттық қызмет кепілдіктеріне байланысты мәселелер бойынша проблемалар мен оларды шешу жолдарын ұсынады. Кездесу қорытындысы бойынша Жол картасына адвокаттық қызметтегі проблемалық мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар мен заңнамалық шаралар енгізіледі  деп күтілуде.

Дүйсенбі күні ҚР Бас прокуратурасының қаңтар айындағы оқиғалар аясында өтіп жатқан қылмыстық процестерде азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мәселелері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жұмысқа РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев қатысты. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде адвокаттардың  мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегі бағдарламасын іске асырудағы жағдай туралы және тегін заң көмегін сапалы қамтамасыз ету шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар бойынша баяндама дайындалды.

Сейсенбі күні РАА төрағасы Айдын Бикебаев және оның орынбасары Игорь Вранчев Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен кездесті. Кездесу барысында кеден және салық саласында қозғалған қылмыстық істер шеңберінде бизнес субъектілерінің мүдделерін қорғауға қатысты мәселелер талқыланды. Бизнес-омбудсмен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою аясында өзара іс-шараларды іске асыру бөлігінде қолдау көрсетуге дайындығын білдірді. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік кеңестердің құрамына адвокатура өкілдерін енгізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сәрсенбіде РАА төрағасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жұмыс тобына, заң жобалау қызметі жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына қатысты.

Төрағаның орынбасары М.О. Вранчев МО және ҮЕҰ сыбайлас жемқорлық жөніндегі жұмыс тобының 12-ші отырысына қатысты.

Бейсенбі күні РАА Төралқасының отырысы өтті. Осы жылдың ақпан айында Жоғары орган бекіткен Республикалық адвокаттар алқасының шығыстар сметасы шеңберінде Төралқа бейіндік Заңның талаптарына сәйкес РАА-ның штат кестесін бекітті, сондай-ақ жинақтарды ұлғайту мақсатында «Халық банкі»АҚ-да банк салымын ашу мәселесі мақұлданды.

Комиссиялардың, кеңестердің, мемлекеттік органдардың жұмыс топтарының құрамына кіретін адвокаттардың жұмыс топтарының қызметі қағидаларының жобасына ұсыныстар мен ескертулер жинау мақсатында оны қарау басқа отырысқа ауыстырылды.

Біліктілікті арттыру орталығын ашу туралы ұсынысты Төралқа мүшелері тұжырымдамалық түрде қолдады. РАА құрылымдық бөлімшесі ретінде ашылатын аталмыш орталық қызметі демеушілік және гранттарды тарту есебінен қаржыландырылады деп жоспарланып отыр. Түпкілікті шешім РАА төрағасының орынбасары әзірлейтін Орталық туралы ережені талқылағаннан кейін қабылданатын болады. 

Отырыс барысында сондай–ақ, қазақстандық адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған «Жаңа Қазақстан — Жаңа адвокатура» Тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Адвокаттар әлі де әлеуметтік желілер мен ресми хат негізінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өз ұсыныстарын жолдауды жалғастыруда. Тұжырымдама жобасын талқылау үшін Төралқаның жеке отырысын өткізу шешімі қабылданды.

Бейсенбі күні РАА төрағасы «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау жөніндегі жұмыс тобының отырысына қатысты. Отырысты ZOOM-конференция форматында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі өткізді. Кездесу аясында мәселелер заң жобасына ұсынылған ұсыныстардың барлығы ескеріле отырып талқыланды. Отырысқа мемлекеттік органдардың, екінші деңгейдегі банктердің, қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Айдын Бикебаев өз сөзінде заң жобасына жеке тұлғалардың банкроттығы кезінде адвокаттың қаржы басқарушысы болу құқығын сот тәртібімен енгізу туралы ұсынысын білдірді. Талқыланған заң жобасының мәтініне борышкер мен кредиторлар арасындағы негізгі мәселелерді шешетін төреші болу құқығының қосылатыны туралы шешім қабылданды.  

Бейсенбі күні төрағаның орынбасары М.О. Вранчев «байланыс мәселелері бойынша ҚР ӘҚБтК-не өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасы бойынша жұмыс тобының отырысына қатысты.

Жұма күні ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобына кандидаттарды іріктеу бойынша отырыс өтті. Іріктеу барысында РАА атқарушы директоры Айнаш Рақымова аталмыш жұмыс тобының құрамына енді. Сондай-ақ, отырыс аясында жұмыс тобының отырыстарын дайындау мен өткізудің ұйымдастырушылық мәселелері талқыланды.

Жұма күні ЖС ҒКК «соттардың Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы қолдануы туралы» отырысы өтті. Отырысқа Солтүстік қазақстан облысы адвокаттар алқасының адвокаты Сергей Сизинцев қатысты. Негізгі жаңалық, бұрын бірыңғай тәртіппен қаралған азаматтық сот ісін жүргізу даулары енді әкімшілік кодекстің нормалары бойынша қаралатын әкімшілік сот ісін жүргізуге бөлінеді. Яғни, мемлекеттік сатып алудың іс-әрекеттеріне, шешімдеріне, нәтижелеріне шағымдану және Мемлекеттік сатып алудың жасалған шарттарынан туындайтын, бұрынғы тәртіп бойынша экономикалық соттарда қаралатын даулар. Өз сөзінде Сергей Сизинцев Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде тапсырыс берушілердің шешімдерін даулауға байланысты істерді сотқа дейінгі тәртіпте қарау мәселелерін егжей-тегжейлі жазуды ұсынды. Адвокат, сондай-ақ қолданыстағы Мемлекеттік сатып алу туралы заңда уәкілетті орган мен аппеляциялық комиссияға жүгінуді көздейтін рәсім көрсетілгенін атап өтті. Ал әкімшілік кодекстің жалпы нормалары жоғары тұрған органға жүгінуді қарастырады.

Сондай-ақ, оларға мемлекеттік сатып алу шеңберінде даулар бойынша қабылданатын қамтамасыз ету шаралары мәселелері бойынша қосымша тармақ енгізу ұсынылды. Бұл шешім қабылдауда біркелкі тәжірибенің болмауына байланысты мұндай мәселелер әр сотта әртүрлі қаралатындығына байланысты.

Жұма күні төрағаның орынбасары И.О. Вранчев әлеуметтік аудит құру мәселелері бойынша Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Р.М. Жүрсінов ұйымдастырған жұмыс тобының құрамына қатысты.

Жұма күні РАА төрағасы Хабар24 телеарнасындағы «Ошақбаев LIVE» бағдарламасына сұхбат берді. Тікелей эфирде Айдын Бикебаев Қазақстандағы адвокатураға қатысты жағдайды тілге тиек етті. Ол бірқатар өзекті мәселелерді қозғап, әзірленіп жатқан адвокатураны дамыту Тұжырымдамасының маңызды тұстарын атап өтті.    

Бүгін РАА төрағасының орынбасары И.О. Вранчев, Алматы қалалық адвокаттар алқасымен және ҚР Жоғарғы Сотымен бірлесіп «ҚР Жоғарғы сотында азаматтық істер бойынша кассациялық өтініштерді (наразылықтарды) қараудың практикалық мәселелері» тақырыбында еліміздің мыңға жуық адвокаты үшін тегін вебинар ұйымдастырды. Вебинар модераторлары И.О.Вранчев және Орталық басшысының орынбасары Д.К. Канафин болды. Барлық қызықтырған мәселелерді қамту мүмкін болмағандықтан адвокаттар өздері ұсына алатын басқа тақырыптар бойынша алда да бірқатар кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Келесі вебинарлардың өткізілетін уақыты туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Өткен аптада РАА кіріс/шығыс хат-хабарлардың саны 70-тен асты. Барлық өтініштер бойынша жұмыс жүргізілуде.

Айта кетейік, апта ішінде бірқатар адвокаттармен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен де жеке кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында адвокатураға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Сондай-ақ, осы аптада РАА жаңа сайтын әзірлеушілермен келісімшартқа қол қойылды, оның аясында қазір техникалық тапсырма дайындалуда.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: