КӘСІБИ СТАНДАРТТАРДЫ ЕНГІЗУ БОЙЫНША РАА ПІКІРІ

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның онлайн-отырысы барысында азаматтардың кәсіби біліктілігін растаудың заңнамалық тетіктері талқыланды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі әзірлеген «Кәсіби біліктілік туралы» Заң жобасы тұжырымдамасының жобасын талқылау барысында РАА төрағасы Айдын Бикебаев уәкілетті органға адвокаттардың біліктілігін растау мақсатында адвокаттар үшін кәсіби стандарттарды әзірлеу және бекіту жөніндегі функцияларды беру туралы ережелерді енгізуді қолдамады және адвокаттарды осы Заң жобасының субъектілерінен шығаруды ұсынды.
РАА төрағасы бүгінгі таңда адвокаттардың кәсіби біліктілігін растауға байланысты барлық мәселелер адвокаттық қоғамдастықтың өзі қабылдаған жергілікті құжаттар базасымен реттелгенін, олардың бір бөлігінің Әділет министрлігімен келісілгенін атап өтті.
Сондай-ақ, ол адвокаттар бұл Заң жобасының субъектілері бола алмайтынын атап өтті. Оған басты себеп — аталмыш Заң жобасы еңбек саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
Талқылау қорытындысы бойынша заң жобасы аясында Жұмыс тобын құрғанға дейін осы мәселені шешу үшін РАА өкілдерінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшылығымен кездесу жоспарланған.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: