ІІМ БАСШЫСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, Министрдің орынбасары Қайрат Сунтаев, Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов және Заң департаментінің басшысы Анджела Жанәділова Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Жолшыұлы Бикебаевпен кездесті.    


   Кездесуде адвокаттар мен ішкі істер органдары қызметкерлерінің өзара іс-қимылының өзекті проблемалары, оның ішінде адвокаттарды қорғаушы ретінде тағайындау процестерін автоматтандыру бойынша «Е-Заң көмегі» пилоттық жобасын іске асыру, елдің барлық өңірлерінде электрондық форматта тергелетін қылмыстық істер бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегін есептеу және төлеу мәселелері талқыланды. Талқылау қорытындысы бойынша өзара проблемаларды жедел және тиімді шешу үшін жұмыс тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

ІІМ Тергеу департаментінің басшыларымен жеке кездесу өткізілді, онда адвокаттардың жергілікті жерлердегі қызметі, адвокаттардың ІІО ғимараттарында смартфондар мен ноутбуктерді пайдалануы және басқа да мәселелер талқыланды. Талқылау сындарлы болды. Тараптар одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

(https://polisia.kz/ru/glava-mvd-vstretilsya-s-predsedatelem-respublikanskoj-kollegii-advokatov/)

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: