ЕЛОРДА ТЕРГЕУ ИЗОЛЯТОРЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ

Елордалық ЕЦ-166/1 тергеу изоляторында сотталушылармен кездесулер өткізуге арналған фронт-офис ашылды. Ашылуға Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұханова, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Бекжан Билялов және елордалық коллегия адвокаттары қатысты.

Фронт-офис қызмет көрсетуге арналған арнайы терминалдармен жабдықталған, келушілер мамандарға электронды кезек арқылы жүгіне алады. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлағандай, бірыңғай бақылау-өткізу пункті бар фронт-офистің ашылуы келушілердің күту уақытын қысқартады. Фронт-офис кезектерді басқару жүйесімен жабдықталған, бұл күту процесін неғұрлым ыңғайлы етеді.

Жаңа фронт-офисте адвокаттар мен қоғамдық қорғаушылар үшін 16 кеңсе, сонымен қатар қысқа кездесулер үшін 4 бөлме бар. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысына ұқсас электронды кезек енгізілді, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Жаңа өткізу пункті күніне 150 келушілерді қабылдайды.

РАA баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: