ЕЛ АДВОКАТТАРЫ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ЖАЛПЫ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына РАА төрағасы Айдын БИКЕБАЕВ,  қаңтардағы тәртіпсіздіктерді тергеу жөніндегі «Ақиқат» комиссиясының басшысы адвокат Айман ОМАРОВА және «Аманат» қоғамдық комиссиясының төрағасы адвокат Абзал Құспан қатысты.

Отырыста ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Бас прокурор, күш ведомстволарының бірінші басшылары, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл «қаңтар трагедиясы» туралы, сондай-ақ қоғамдық комиссиялардың жұмысы туралы Айман УМАРОВА мен Абзал Құспан баяндама жасады.

ҚР парламент мәжілісінің жалпы отырысы

Депутат Бақытбек Смағұлұлы РАА төрағасына азаматтардың депутаттарға жолданған уәждерін жеткізді. Атап айтқанда қаңтар оқиғалары кезінде адвокаттардың өз қызметтері үшін алатын ақы көлемін өсіргені және адвокаттардың көтеріліске қатысушы тұлғаларға көрсеткен заң көмегінің сапасыз болғандығы туралы өтініштеріне қатысты ақпаратты тарқатып, түсіндіріп беруін сұрады.

Мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұлұлы

Адам өзінің табыс деңгейіне қарай адвокат таңдай алады немесе мемлекет есебінен ақысыз көмек сұрай алады. Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде мемлекет есебінен заң көмегі барлығына қолжетімді. Бұл ретте, мемлекеттік қолдау шеңберінде адвокаттардың еңбегіне бір істі жүргізгені үшін шамамен 20 мың теңге ақы төленсе, жасасқан шарт бойынша төленетін ақы көлемі 150 мың теңгеге жуықтайды.

Қаңтардағы оқиғалар бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмегінің сапасыз болуына қатысты қойылған сауалға жауап бере отырып, РАА басшысы адвокаттар алқасына 2 шағым түскенін хабарлады. Бүгінгі күні тексеру іс-шаралары жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша заң көмегін сапасыз көрсету фактілерінің бар-жоғы анықталады және тиісті шаралар қабылданатын болады. Тәртіптік комиссия заңнама мен адвокаттардың кәсіби этика кодексін бұзушыларға қатаң жаза қолданатынын атап өтті. Айта кету керек, өткен жылы 180-нен астам адвокат тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

РАА төрағасы Айдын Бикебаев

РАА төрағасы сонымен қатар мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету сапасына бірнеше факторлар әсер ететінін айтты. Біріншіден, адвокаттың атқарған жұмысының көлемін оның процессуалдық қарсыласы-тергеуші анықтайды. Бұл адвокатты оған тәуелді етеді және қылмыстық қудалау органына тиісті деңгейде қарсыласуға жол бермейді. Екіншіден, осы бағдарлама бойынша адвокаттардың жалақысы өте төмен. Үшіншіден, қылмыстық процесті жүргізетін органдар адвокатты аумақтық адвокаттар алқалары мен арнайы ақпараттық жүйені айналып өтіп тағайындайтын жағдайлар бар. Төртіншіден, тергеу изоляторларында адвокаттарға кіруге рұқсат беруде сан кедергі бар. Адвокаттар тергеу изоляторларында бірнеше сағат күтіп тұра алады. Жоғарыда аталған барлық факторлар соңғы екі жылда мемлекеттік бағдарламаға қатысатын адвокаттардың санын 62,5% — дан 31% — ға дейін, яғни екі есеге қысқартты.

РАА төрағасы өз сөзін қорытындылай келе өткен аптада адвокаттық қоғамдастықтың Әділет министрлігімен бірлесе дөңгелек үстел өткізгенін, оның барысында мүдделі құзыретті органдармен бірлесіп, аталған проблемалар бойынша шешімдер әзірлеу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін хабарлады. 

Адвокат Айман Омарова

Адвокаттардың сөйлеген сөздерін ҚР Парламенті Мәжілісінің YouTube арнасындағы осы сілтеме бойынша көруге болады. (Айман Омарованың сөйлеген сөзін бейнеден 1:13:25 минутта, Абзал Құспанның сөзін 1:35:43минутта, Айдын Бикебаевтың депутат сұрағына берген жауабын 2:26:30 минутынан қараңыз)

Адвокат Абзал Құспан

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: