ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ. АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ САЛАСЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ШАРАЛАР БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР ҚАБЫЛДАНДЫ

Әділет министрлігі қызметінің мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес «Адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар жоспарын бекіту туралы» Үкімет қаулысының жобасын талқылады, сот актілерін орындау жөніндегі жұмыстың қорытындыларымен, сондай-ақ әділет органдарының азаматтардың, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының 2021 жылы келіп түскен өтініштерін қарау нәтижелерімен танысты.

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы адам құқықтары және заңның үстемдігі саласындағы одан арғы шаралар Жоспарын талқылау барысында оны адвокаттық қызметке кедергі келтіру жөніндегі істерді тергеу әдістемесін қабылдау жөніндегі тармақпен толықтыруды ұсынды. Стамбул хаттамасына сәйкес азаптауды және басқа да қатыгездік пен жазаны тиімді тергеу мен құжаттауда адвокаттарға ерекше рөл беріледі, бірақ іс жүзінде адвокаттық қызметке жиі кедергі жасалады.

Бұдан басқа, РАА жоспарды адвокаттар қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың жұмысына кедергі келтіретін заңсыз іс-әрекеттердің жолын кесу, оның ішінде оларға қол сұғылмаушылық кепілдіктерін күшейту, күшті және тәуелсіз адвокатура құру, адвокаттардың іс жүргізу мәртебесін арттыру, оның ішінде Мемлекеттік кепілдік берілген заң көмегін көрсету процесін жақсарту бойынша шаралар қабылдау мәселелерімен толықтыруды және аталмыш жүйені түбегейлі жетілдіру қажеттігін ұсынды.

Сондай-ақ, Қоғамдық кеңестің отырысы барысында РАА төрағасы адвокаттардың өкілеттігіне банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың құзыретін беруге байланысты мәселелерді пысықтау мүмкіндігін, оның ішінде компанияларды оңалтуға және банкроттыққа байланысты барлық мәселелерді әкімшілік ету жөніндегі құқықтарды Әділет министрлігінің құзыретіне беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар Әділет министрлігіне ұсынымдар түрінде ресімделді.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: