ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІ ЗАҢ ҚОҒАМДАСТЫҒЫ ӨКІЛДЕРІНЕ КАРАНТИН КЕЗІНДЕ  ӨЗ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТА ТҰРУҒА КЕҢЕС БЕРЕДІ

Барлығымыз үшін ең басты басымдық азаматтардың денсаулығы, өмірі мен қауіпсіздігі болып табылатынын ескере отырып, Әділет министрлігі нотариустарға, адвокаттарға, заң консультанттарына және жеке сот орындаушыларына карантин кезеңінде өз қызметін тоқтатуды ұсынады. COVID-19 таралу қаупінің алдын алу және жұқтыру тәуекелдерін барынша төмендету жөніндегі шараларды қамтамасыз ету біздің ортақ міндетіміз болып табылады.

Сіз карантин кезінде азаматтармен қарым-қатынаста бола отырып, осы аурудың ықтимал таралу көзіне айналуыңыз және ол орны толмас салдарларға әкелуі мүмкін екендігін түсінгеніңіз жөн.

Өз қызметіңізді әрі қарай жалғастыру аса қажет болған жағдайда, барлық сақтық шараларын қамтамасыз ету және дәрігерлердің ұсынымдарына барынша назар аударуыңыз қажет. Біз әрбір нотариусты, адвокатты, заң консультантын және жеке сот орындаушысын өмір мен денсаулық сақтау қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша көзделген шектеу шараларын мүлтіксіз орындауға шақырамыз.

Өзімізді және өз жақындарымызды қорғап, барлық қиындықтарды жеңу үшін өзіндік тәртіп пен жауапкершілік танытуға міндетті екенімізді ұмытпайық.

Өз кезегінде, жас ерекшелігіне және созылмалы ауруларына байланысты «қауіп-қатер тобына» кіретін адвокаттарға мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету жүйесіне қатысуын толық тоқтата тұрған жөн. Бұл ретте азаматтарға ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, сондай-ақ телефон байланысы арқылы қашықтық режимінде, және де азаматтармен түйіспей жұмыс жасауды қамтамасыз ететін өзге де тәсілдерді қолдана отырып заң көмегін көрсетуге және атқарушылық әрекеттерді жасауға жол беріледі.

Қалыптасқан жағдайларда бұл ұсынымдар уақытша және мәжбүрлі шаралар екенін түсіну қажет және Сіздің және жақындарыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды сақтауды сұраймыз.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар және карантин кезіндегі мемлекеттік қолдау шеңберінде жеке тәжірибемен айналысатын адамдар (нотариустар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары) өз қызметін тоқтатқан жағдайда белгіленген тәртіппен 1 ең төмен жалақы мөлшеріне тең – 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем алу үшін өтініш жасауға құқылы.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: