ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АДВОКАТУРА КҮНІ БЕЛГІЛЕНДІ

Республикалық адвокаттар алқасы адвокатура күні ретінде 5 желтоқсанды белгіледі. Мұндай шешім 2022 жылғы 18 сәуірде Төралқа отырысында қазақстандық адвокатураны дамыту Тұжырымдамасын қабылдау шеңберінде қабылданды.

Бұл күн егеменді Қазақстан тарихында алғаш рет адвокаттық қызмет негіздері регламенттелген 1997 жылғы 5 желтоқсанда «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғанын ескере отырып таңдалды.

Заңнама кәсіби мерекелерді – әртүрлі салалардағы жұмысшылардың күндерін қарастырады. Ал адвокаттардың кәсіби мерекесін атап өтудің нақты күні жоқ. Сондықтан Республикалық адвокаттар алқасы қазақстандық адвокатура күні мемлекеттік деңгейде белгіленуі үшін «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкіметтің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне өтініш жасайтын болады.

Кәсіби мерекелерді белгілеудің мақсаты қазақстандық патриотизмді және кәсіби мақтанышты тәрбиелеу болып табылады.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: