АДВОКАТУРА ӨКІЛДЕРІ ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫНА КІРДІ

11 сәуірде Ұлттық экономика министрлігінде қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Республикалық адвокаттар алқасынан жұмыс тобының мүшесі болып РАА атқарушы директоры Айнаш Рақымова қатысты.

Республикалық адвокаттар алқасы қоғамдық кеңесінің құрамына үш адвокат ұсынылған болатын: профессор, заң ғылымдарының докторы Порохов Евгений Викторович, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Тюрейкина Елена Геннадьевна және Қарағанды адвокаттар алқасының адвокаты Ожго Александр Константинович.

Кандидаттардың жұмыс тобының мүшелерімен әңгімелесу нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңестің құрамына Порохов Евгений Викторович пен Тюрейкина Елена Геннадьевна кірді. Ожго Александр Константинович Қоғамдық кеңестің резервіне енгізілген.

Республикалық адвокаттар алқасы қоғамдық кеңестің мүшелеріне адвокаттардың салыққа қатысты өзекті мәселелерін шешу міндетін қойып отыр. Осы мәселе бойынша адвокатураның ұстанымы осыған дейін Ұлттық экономика министрлігіне жіберілген хаттарда көтерілген, сондай-ақ РАА Әділет министрлігімен бекітілген Жол картасында және адвокатураны дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасында бекітілген.

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: