АДВОКАТТАРДЫҢ ТАШКЕНТТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

Бүгін Ташкентте (Өзбекстан) «Адвокатура институтын дамыту тұжырымдамасы: Өзбекстан және шет елдердің тәжірибесі» атты халықаралық адвокаттар конференциясы өз жұмысын бастайды.

Конференцияға Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Қадыржан Баймұханова, Нұр-Сұлтан қалалық адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы Бекжан Билялов және Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Индира Мирзамухамедова қатысады.

Осыдан бір күн бұрын, алдағы конференция аясында Өзбекстан Республикасының Адвокаттар палатасы «Адвокаттық қызметтердің халықаралық стандарттары» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шараға қатысушылар адвокаттар алқасының қазіргі жағдайын Өзбекстан адвокаттар қауымдастығының қызметі мысалында талқылауға шақырылды.

Конференцияға Ауғанстан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Тәжікстан, Түркия, Украина адвокаттар қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады.

РАA баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: