АДВОКАТ — ЖОҒАРҒЫ СОТ КЕҢЕСІ ЖАНЫНДАҒЫ БІЛІКТІЛІК КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

11 қыркүйек 2019 жылы Жоғарғы Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оған Кеңес мүшелерімен қатар, құқықтық қауымдастық өкілдері қатысты.

Кеңес отырысында «Саят Жолшы и Партнеры» заң кеңсесінің басқарушы серіктесі, Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Бикебаев Айдын Жолшыұлы Жоғарғы Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясының төрағасы болып сайланды.

Кеңес отырысының қорытындылары бойынша түрлі себептермен 16 судья қызметінен босату туралы ұсыныстар алды, оның ішінде 3-і басқа судьялық лауазымдарға конкурссыз тағайындалуына байланысты.

Аталған мәселелерден басқа, Сот жюриінің шешімдеріне қатысты 5 судьялардың  шағымдары қаралды.

Кеңес отырысында 2018 жылғы 21 желтоқсанда жарияланған бос судьялық лауазымдарға орналасуға арналған конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары шығарылды.

Мәжілістің қорытындысы бойынша Кеңес тиісті шешімдер және ұсынымдар қабылданды, Жоғарғы Сот Кеңесі қабылдаған шешімдер туралы толық ақпарат Кеңес сайтында орналастырылады.

РАА баспасөзқызметі (http://vss.gov.kz материалдары негізінде)

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: