Адвокатқа алғыс

«Менің бұл хатымды ананың жүрегінен шыққан алғыс деп біліңіз!
Мен Атыраулық адвокат Жолболов Нұрланға алғыс айтқым келеді.
Мен  екі жарым жыл қаншама соттан өттім,сол  уақыт ішінде қасымда болып,отбасыма қол ұшын созып,тегін көмектескен,текқана адвокат ретінде ғана емес,адам ретінде де адамгершілігі мол,арлы азамат Нұрлан Жолболовқа басымды иіп,алғысымды айтамын!
Басында қорқасоқтап  істі алама алмай ма деп барғаныммен,сөйлесе келе қарапайымдылығына тәнті болдым.
Сіздердің еңбектеріңізге табыс,дендеріңізге саулық тілеймін!
Осындай кәсіби білікті,мықты адвокаттар көп болсын елімізде!
Жазықсыз жандардың өмірі құрдымға кетпес үшін күресетін,арлы,адал адвокаттардың бірі,қарапайымдылығы мен көрегендігі мол Жолболов Нұрлан мақтануға лайықты, нағызадвокат.
Өзімніңэлектрондық поштамды бұзып кетуі себепті ұлымның поштасынан жазып отырмын.Менің аты жөнім Доскеева Шолпан.
Осындай жақсы азаматтың жақсылығын бастығы  білуі тиіс шығар деп  алғысымды жазып отырмын».

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: