ҚР ЖОҒАРЫ СОТ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫМЕН ЖҰМЫС КЕЗДЕСУІ

ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Алексеевич Шипптың және Республикалық адвокаттар алқасының төрағасының жұмыс кездесуі өтті.


Әңгімелесу барысында, тараптар ҚР Жоғары Сот Кеңесі мен Республикалық адвокаттар алқасының өзара қатынастарын, озық халықаралық тәжірибені ескере отырып адвокат пен судья мамандықтарын жақындастыру, іс-шараларға өзара қатысу, сот жүйесіне адвокаттардың санын көбейту мәселелерін талқылады.

Сондай-ақ, кездесу барысында, адвокаттарды ҚР Жоғары Сот Кеңесінің жұмысына тарту бойынша жұмыс жүргізіліп жатқандығы туралы атап өтілді.

Бүгінгі таңда, бір адвокат ҚР Жоғары Сот Кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады және тағы төрт адвокат оның жұмыс органдарында қызмет атқарады. Бұл ретте Жоғары Сот Кеңесі сот жүйесінің кадр мәселелерін шешу үшін адвокаттық қоғамдастықтан пікірлер жинау практикасын жүргізіп отырады.

РАА баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: