ЖОҒАРҒЫ СОТТЫҢ НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫНЫҢ МӘТІНІ БОЙЫНША АДВОКАТТАРДЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ

Адвокаттық қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ҚР Жоғарғы сотының ғылыми-консультативтік кеңесінің отырысы өтті.


Отырыс «Қазақстан Республикасы соттарының азаматтық істер бойынша сот шығыстары туралы заңнаманы қолдануы туралы «ҚР Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 9 нормативтік қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ЖС нормативтік қаулысының жобасын талқылауға арналды.

Отырысқа Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев және РАА ғылыми-консультативтік кеңесінің төрағасы Сапар Әміртаев қатысты.

Адвокаттық қоғамдастықтың өкілдерінің ескертулері мен ұсыныстары айтылды, және де оларды одан әрі жұмыс тәртібінде талқылау үшін назарға алынды.

РАА төрағасы нормативтік қаулының 14-тармағын редакциялық түзету қажеттігіне назар аударды, онда келесі белгіленген:

Мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша процеске қатысқан өкілдің көмегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар сомасы құжаттармен (төлем тапсырысы немесе түбіртек) расталған шектен жоғары мәлімделген жағдайда сот АК-нің 8-бабының 4-тармағында және АПК-нің 6-бабының бесінші бөлігінде көзделген адалдық, әділдік пен парасаттылық өлшемдерін басшылыққа алуы қажет.

Бұл тұжырым өкілдердің көмек ақы төлеуі тым жоғары болуы мүмкін деген ойға итермелейді. Бұл ретте «тым жоғары төлем» ұғымы бағалау болып табылады, яғни оның түсінілуі әр түрлі.

Соттар мүліктік емес сипаттағы талаптар бойынша процесске қатысқан өкілдің көмек ақысын төлеу жөніндегі шығыстардың расталған сомаларын толық көлемде өтеу үшін, осы тармақтың редакциясын басшылыққа алып, өзгерту керек, ал өтелетін шығыстардың сомалары АК-нің 8-бабының 4-тармағында және АПК-нің 6-бабының бесінші бөлігінде көзделген адалдық, әділдік және парасаттылық өлшемдерінегізінде ерекше жағдайларда ғана төмендетілуі тиіс.

РАА баспасөз қызметі

О Pressa

Пресс-секретарь Республиканской коллегии адвокатов

Добавить комментарий: